1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №86 (15544) 28 қазан, бейсенбі 2010
"Жас Алаштың" спорт беті.
28 қазан 2010
Елдос ерледi

Өткен аптада Марокконың Агадыр қаласында дзюдодан жастар арасындағы әлем бiрiншiлiгi мәресiне жеттi. Әлемнiң 78 елiнен татамидiң жас шеберлерi бас қосқан додада Қазақстан құрамасының дзюдошылары талайларға таңдай қақтырды.     1 алтын, 2 күмiс, 1 қола медальдi жеңiп алған елiмiздiң жастар құрамасы жалпыкомандалық есепте Бразилия пауландарымен бiрге екiншi және үшiншi орындарды бөлiстi.

Қазақстанның жастар құрамасын қазiргi таңда Ермек Иманбеков жаттықтырады. Биыл­ғы жылдың басында Тайландта өткен Азия бiрiншiлiгiнде дәл осы Е.Иманбеков баптайтын елiмiздiң жастары 4 алтын, 1 күмiс, 1 қола медаль алып, Азия құрлығының алды болған-ды. Алайда сол жарысқа дзюдоның “жiлiгiн шағып, майын iшкен” жапон палуандары қатысқан жоқ. Дегенмен, сары құрлықта тек жапондар ғана мықты деп айтуға келмес. Оңтүстiк Корея, Қытай, Иран сынды елдердiң спортшылары өз несiбелерiн татамиден терiп жүргенiн ескерсек, Тайланд төрiнде озған қазақ жастарының жеңiсiн бас бармақпен бағалауға тиiспiз.
Агадырда өткен айтулы додаға елiмiздiң бозбалаларымен бiрге бойжеткендерiмiз де өз бақтарын сынады. Жарыстың алғашқы күнi дзюдошылар екi салмақ дәрежесi бойынша күш сынасып, екi салмақта да елiмiздiң екi палуаны финалдық кезеңге алқынбай жеттi. 55 келi салмақта ел намысын қорғаған Елдос Сметов алғашқы жекпе-жегiнде канадалық палуанмен татамиге шығып, таза ұтты. Артынша, марокколық палуанды жергiлiктi жанкүйерлердiң көзiн­ше иппон әдiсiмен алып ұрды. Ширек финалға жолдама алу үшiн жерлесiмiз өзбек палуанымен жекпе-жекке шықты. Өзбек палуаны да осал емес едi. Тырнақалды кездесуiнде Гонконг елiнiң өкiлiн 58 секундта таза жеңген өзбек Елдосқа еш қарсылық көрсете алмады. Жер­лесiмiзге ширек финалдық жолдаманы жеңiп алу үшiн небәрi 1 минут 17 секунд қана уақыт кеттi. Иппон!
Әлем бiрiншiлiгiне Азия чемпионы деген атпен барған Елдос Агадырда өткiзген алты бел­десудiң бесеуiнде таза жеңiске жеткенiн мақтанышпен айта кетуге тиiспiз. Отандасымыз ширек финалда француз палуаны Максиме Дуфондты ғана ұпай айырмашылығымен ұтты де­месеңiз, қалған жекпе-жектiң барлығында қарсыластарын “аһ” ұрғызды. Жартылай финалда Елдостың екпiнiне украин пал­уаны шыдай алмады. Финалда жапон жiгiтi Сейкан Фуджисава да қазақтың жас палуанының алдында жiгерсiздiк танытты.
Елдос Сметовтiң жеңiсiнен кейiн татамиге 60 келiдегi Iлияс Ысмағұлов шықты. Iлияс та финалға дейiн бес палуаннан бағын асырды. Өкiнiшке қарай, алтын медаль үшiн болған айқаста Iлиястың алдын жапон палуаны орады.
66 келi салмақтағы Азия чемпионы Наурызбек Майлашев та елiмiзге күмiс медальмен қайтты. Қарсыластарын қоғадай жапырып келген Наурызбай соңғы белдесуде жапон Кенто Шимизуға шамасы келмей, күмiстi қанағат тұтты.
Жарыстың соңғы күнi ел қоржыны тағы бiр қола медальмен толықты. 100 келiге дейiнгi алыптардың айқасында Виктор Демьяненко қола медаль үшiн жапон палуанымен күресiп, қарсыласын таза ұтты. Десек те, бұл салмақтың бас жүлдесiн тағы бiр жапон палуаны Рунцуке Хага жеңiп алды. Бiздiң Виктор дәл осы палуаннан жартылай финалда жеңiлген болатын.
Басқа салмақтағы палуан­дар­ға келсек, 73 келiде бақ сынаған отандастар Арман Махамбетов пен Серiкбол Нұралин жарысты жетiншi орынмен қорытындылады. Екi палуанымыздың да қола медаль алатын мүм­кiндiгi болып едi. Алайда Серiк­бол Нұралин грузин Зебеда Рехиашвилиден, ал Арман Махамбетов ресейлiк Аслан Лаппиноговтан ұтылуға мәжбүр болды. Жерлестерiмiздi жерге қарат­қан екi палуан да қола медаль үшiн болған белдесулерiн сәттi өткiзiп, әлем бiрiншiлiгiн үшiншi орынмен қорытындылады.
Бойжеткендер арасындағы бәсекеде бiздiң қыздар жүлдеге iлiнбедi. Тек 57 келiдегi Замира Кудушева мен 70 келiдегi Маржан Сұлтан жетiншi орынмен ғана шектелдi. Қалған салмақтағы палуандарымыз ширек финалға өте алған жоқ.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар