1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №85 (15543) 26 қазан, сейсенбі 2010
"Жас Алаштың" спорт беті.
26 қазан 2010
Қазақ басшыларынан қолдау таппаған қазақ күресi

Қазанның 21-23 аралығында Астанада қазақ күресiнен III әлем бiрiншiлiгi мен күрес түрлерiнен V дүниежүзiлiк ойындар өттi. Астананың боз кiлемiнде әлемнiң отыз тоғыз елiнiң палуандары екi күн бойы қазақ күресiнiң жүлделерiн сарапқа салды.

Әлемдiк сайыс басталуға бiр күн қалғанда, ФИЛА президентi Рафаэль Мартинетти Қазақстанға ат басын бұрды. Дүниежүзiлiк күрес қауымдастығының тiзгiнiн ұстаған бұл азамат Қазақстанға бекер келген жоқ. Биыл төл күресiмiз осы Р.Мартинетти басқаратын қауымдастыққа мүше болып ендi. Әлемнiң қырыққа жуық елiнiң палуандарының басын қосқан iрi доданың басынан аяғына дейiн тамашалаған ФИЛА басшысы жарыстың өтуiне оң бағасын бердi. Өз кезегiнде ҚР Туризм және спорт министрi Темiрхан Досмұхамбетов Рафаэль Мартинеттиге ҚР пре­зидентiнiң жарлығымен “Даңқ” орденiн табыс еттi.
III Әлем бiрiншiлiгiнiң ашылу салтанатына Рафаэль Мартинетти бастаған ФИЛА-ның бiрнеше өкiл­дерi келдi. Бiздiң жақтан жарыстың ашылу салтанатына дүние­жүзiлiк күрес қауымдастығының президентi Серiк Төкеев, ҚР Туризм және спорт министрлiгi Спорт комитетiнiң төрағасы Елсияр Қанағатов, грек-рим күресiнен елiмiздiң даңқты палуаны Дәулет Тұрлыханов қатысты. Ашылу салтанатынан кейiн Рафаэль Мартинетти мен Серiк Төкеев бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнiң алдында баспасөз мәслихатын өткiзiп, қазақ күресiнiң ФИЛА-ға толыққанды мүшесi екенiн айғақтайтын құжатқа қол қойды. “2010 жылдың 22 қазанында қазақ күресi ресми түрде ФИЛА-ның мүшелiгiне өттi. Бұл күндi қазақ халқы ұмытпауы керек. Өйткенi қазақ күресi үшiн бұл – тарихи оқиға”, – дедi, С.Төкеев.
Қазақ күресiнен әлем бiрiншi­лiгiнiң жүлделерi жетi салмақ дәрежесi бойынша сарапқа салынды. Елiмiздiң палуандары жетi салмақтың бесеуiнде топ жарды. Екi салмақтың бiрiнiң бас жүлдесiн латыш палуаны иеленсе, бiрi моңғол елiне сапар шектi. Бұл ретте моң­ғол палуандарын қазақ күресiне үйретiп жүрген қандасымыз Бақыт Одынайдың еңбегiн атап өткен жөн. Моңғолиядағы отандасымыз басқа елде жүрсе де, қазақ күресiн дамытуда ерекше еңбек сiңiрдi. 66 келi салмақтағы Муракша Суния Суреннiң Астанада топ жаруы Бақыт қандасымыздың еңбегi екенi даусыз.
Дәл қазiргi таңда бiздi “қазақ палуандары қалай күрестi?” деген сұрақтан гөрi “Астандағы қазақ күресiнен әлем бiрiншiлiгi қай деңгейде өттi?” деген сұрақ көбiрек алаңдатады. Оның себебi де жоқ емес. Астанадағы дода басталуға санаулы күн қалғанда дүниежүзiлiк қазақ күресi қауымдастығының президентi Серiк Төкеевпен сөйлескенбiз. Сонда С.Төкеев мырза “төл күресiмiздi дамытуға елiмiздегi билiк өкiлдерi қырын қарап отыр” дегендi астарлап болса да жеткiздi. Қаржы жағы қинап жатқанын да жасырмады. Десек те, жарыс өттi. Ұйымдастыру жағынан аздаған олқылықтар кетiп жатты. Бiрақ қазақ күресi өз деңгейiнен төмен түскен жоқ. Шетелден келген қонақтар, әсiресе, ФИЛА-ның басшысы Рафаэль Мартинетти жарысқа көңiлi толып, риза болып қайтты. Бiрақ...
Астанада қазақ күресiнен әлем бiрiншiлiгi бiрiншi рет өтiп тұр. Төкеев бастаған басшылардың болашаққа деген талпынысы да жақсы. Алайда екi күн бойы бозкiлемнiң шаңын қаққан палуандардың бәсекесiне бiрде-бiр билiк өкiл­дерiнiң ат басын бұр­мауы бiздiң қатты қынжылтты. Әншейiнде, же­ңiлiс­тен көз ашпайтын футболшыларымыздың ойнына жарты сағат болсын уақытын бөлiп келетiн ел басшысы да, “Барыс” хоккей­шiлерiнiң ойнынан ләззат алатын премьерiмiздiң қарасы да көрiнбедi қазақ күресiнде. Жоғарғы жақтан көңiлiмiз қалғанан кейiн қазақтың тарихы мен мәдениетiне, ұлттық өнерiне терiс қарамайды-ау деген Астана қаласының әкiмi Иманғали Тасмағамбетовтi де тағатсыздана күттiк. Бiрақ жоғарғы басшылар отыратын орыннан И.Тасмағам­бетовтi таба алмадық. Осыдан кейiн-ақ, “төл күресiмiздi дамытуға елiмiздiң билiк өкiлдерi қырын қарап отыр” деген Серiк Төкеевтiң сөзiне амал жоқ, сендiк. Сонда деймiз-ау, қазақтың жалғыз күресi тек Төкеевке ғана керек пе?! Әлде, Өмiрхан Алтын ағамыз айтқандай, бүгiнгi билiк басындағы басшыларда ұлттық намыс деген жоқ па?! 

Қазақ күресiнен Астанада өткен III әлем бiрiншiлiгiнiң жеңiмпаздары мен жүлдегерлерi:

54 келi: 1. Дархан Өрiкбаев (Қазақстан); 2. Асылжан Имантажинов (Ресей); 3. Мадияр Нұрқалықұлы (Қырғызстан), Бауыржан Райсов (Қазақстан);
60 келi: 1. Бауыржан Тәлiп (Қазақстан); 2. Олжас Сланбеков (Қырғызстан); 3. Санжар Османәлиев (Қырғызстан), Нұрболат Ыстыбаев (Түрiкменстан).
66 келi: 1. Муракша Суния Сурен (Моңғолия); 2. Шул Демел (Голландия); 3. Қуаныш Мұратов (Қазақстан), Әлiм Равшанов (Өзбекстан);
74 келi: 1. Бақтыбай Қисықов (Қазақстан); 2. Денс Мейер (Голландия); 3. Бул Лорбис (Австралия), Асылбек Әлкей (Қазақстан);
82 келi: 1. Саят Шәмшиев (Қазақстан); 2. Хольгер Доринг (Германия); 3. Шыңғыс Шалабаев (Қырғызстан), Мұхит Тұрсынов (Қазақстан);
90 келi: 1. Шалқар Жоламанов (Қазақстан); 2. Берн Бахман (Германия); 3. Саша Денаньо (Того), Нұрзат Бегасылов (Қазақстан);
90 келiден жоғары: 1. Виктор Резко (Латвия); 2. Бақыт Көлбай (Қазақстан); 3. Денисас Соколас (Литва), Батыр Ходжиев (Өзбекстан).
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар