1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №81 (15539) 12 қазан, сейсенбі 2010
"Жас Алаштың" спорт беті.
12 қазан 2010
Үстембаев үздiк шықты

Моңғолияда өткен аптаның соңында студенттер арасындағы әлем бiрiншiлiгi аяқталды. Елiмiзге белгiлi бапкер Тұрсынғали Едiлов баптап апарған боксшыларымыздың арасынан Алматы облысының боксшысы Данияр Үстембаев әлем чемпионы атанды.

91 келi салмақта өнер көрсеткен Данияр Үстембаев моңғол жерiнде үш жекпе-жек өткiздi. Алдымен словакиялық боксшыны 3:1 есебiмен сүрiндiрген Данияр жартылай финалда литвалық былғары қолғап шеберiн жеңдi. Финалда ресейлiк Александр Каракасянмен шаршы алаңға шыққан отандасымыз қарсыласын 5:2 есебiмен тiзе бүктiрдi.
Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өткен әлемдiк сайыстың финалдық кезеңiне Даниярдан бөлек тағы төрт боксшымыз шыққан едi. Өкiнiшке қарай, 49 келi салмақта жұдырықтасқан Мардан Берiкбаев әлемнiң ең күштi боксшыларының бiрi, моңғолиялық Пуревдори Сердамбадан 1:2 есебiмен ұтылып, әлем бiрiншiлiгiнiң күмiс медалiн қанағат тұтты. 52 келiде ел намысын қорғаған Исмаил Ахунов та финалда сүрiндi. И.Ахунов моңғол боксшысынан жеңiлiп қалды.
60 келiдегi Ғани Жайлауов пен 69 келiдегi Рустам Сыбаев финалға дейiнгi жекпе-жектерiн жоғары деңгейде өткiзiп едi. Алайда қос боксшымыз да алтын медаль үшiн болған бәсекеде ұтылып, елiмiзге күмiс жүлдемен қайтты.
Қола медальға аса ауыр салмақтағы Рустем Iргебаев пен 75 келiдегi Әдiлет Ниязымбетов ие болды. 64 келi салмақта ел намысын қорғаған Айдар Шәрiбаев студенттер арасындағы әлем бiрiншiлiгiнiң қола жүлдесiн қанағат тұтты. Жартылай финалда моңғол боксшысына жол берген Арбек Абдулға­ниев те әлемдiк доданың үшiншi сатысынан орын алды.
Жалпыкомандалық есепте 3 алтын, 3 күмiс, 2 қола медальға ие болған Моңғолия боксшылары топ жарды. 3 алтын,           1 күмiс, 2 қола медаль алған ресейлiктер – екiншi орында. Қазақстан құрамасының боксшылары Түркия құрамасынан кейiнгi төртiншi орынды мiсе тұтты. Түрiктер Моңғолия елiнен 2 алтын, 1 күмiс, 3 қола медаль жеңiп алды.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар