1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №80 (15538) 7 қазан, бейсенбі 2010
"Жас Алаштың" спорт беті.
7 қазан 2010
Байбатыров әлем кубогын жеңiп алды

Мәскеуде осы аптаның басында самбодан кезектi әлем кубогы аяқталды. Әлемнiң жиырмаға жуық елiнiң палуандары жиналған дүбiрлi жарыста оралдық Ерболат Байбатыров Әлем кубогының жеңiмпазы атанды. 57 келi салмақта белдескен жерлесiмiз финалда ресейлiк палуанды жең­дi. Ерболат бұған дейiн де әлем кубогының бiрнеше кезеңi­н­де топ жарған-ды. Отандасымыздың ендiгi мақсаты – қараша айында Ташкентте өтетiн әлем бiрiн­шiлiгiнде жеңiмпаз атану.

Басқа салмақта күрескен палуандарға келсек, 52 келiде ел намысын қорғаған Медет Оңдағанов алғашқы белдесуiнде ресейлiк палуаннан жеңiлiп, жарыстан шығып қалды. 68 келiдегi үмiт күткен палуанымыз Азамат Мұқанов та алғашқы белдесуiнде жеңiлiп, Мәскеуден жүлдесiз қайтты. 74 келiдегi Азамат Сәр­сен­биннiң жолын ширек финалда ресейлiк палуан бөгедi. А.Сәрсенбин жарыс қорытындысы бо­йынша 5-8-орындарда қалып қойды. Сондай-ақ, 82 келiдегi Саят Шамшиев пен 90 келiдегi Орынбасар Жұрмағамбетов те алғашқы белдесулерiн сәтсiз өткiзiп, Ресей астанасынан бос қайтты.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар