1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №80 (15538) 7 қазан, бейсенбі 2010
"Жас Алаштың" спорт беті.
7 қазан 2010
Финалдық ойын Киевте өтедi

Осы аптаның басында Минскiде УЕФА-ның кезектi жиыны өттi. Мишель Платини бастаған еуропалық футбол қауымдастығының басшылары бас қосқан жиында 2012 жылы Польша мен Украинада өтетiн Еуропа бiрiншiлiгiнiң мәселелерi сөз болды.

Қаржы дағдарысының қиын­­дығына байланысты құрылыс жұмыстарын кешеуiлдетiп бастаған украиндар аз ғана мерзiмнiң iшiнде бiраз жұмыс атқарып үлгерiптi. Бұл туралы Минскiде УЕФА басшысы Мишель Платини мәлiм­дедi. “Украинадағы салынып жатқан стадиондардың құрылысына дәл қазiр менiң көңiлiм толып отыр. Осыдан бiраз уақыт бұрын Украинаны қатты сынға алып едiк. Ендi мiне, украиндар сол сыннан қорытынды шығарды” – дедi М.Платини.
Жиында белгiлi болғандай, Еуропа бiрiншiлiгiнiң ашылу салтанаты 8 маусымда Поль­ша­ның астанасы Варшавада өтедi. Ал финалдық кездесудi   1 шiлде күнi Киевте өткiзу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, ширек финалдың алғашқы екi ойыны Польшаның Варшава және Гданьск қалаларында өткiзiледi. Жартылай финалдың тағы екi жолдамасы Украинаның Киев және Донецк қалаларында сарапқа салынбақ.
2012 жылы өтетiн Еуропа бiрiншiлiгi кәрi кұрлықтың он алты командасы қатысатын соңғы дода болмақ. Бұдан кейiн Францияда өтетiн Еуропа бiрiн­шiлiгiне он алты емес, жиыр­ма төрт команда өз өнерлерiн ортаға салады.
Бұдан басқа УЕФА-ның ұйымдастыру комитетi 2013 жыл­ғы әйелдер арасындағы Еуропа бiрiншiлiгiнiң финалдық кезеңiн Швецияға сенiп тапсырды. Он жетi жасқа дейiнгi жасөс­пiрiмдер арасындағы құрлық додасы 2012 жылы Словенияда, 2013 жылы Словакияда өтетiн болды. Ал он тоғыз жасқа дейiнгi жастардың жарысы Эстония мен Литвада 2012 және 2013 жылдары жалауын көтередi.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар