1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №80 (15538) 7 қазан, бейсенбі 2010
"Жас Алаштың" спорт беті.
7 қазан 2010
Швайнштайгер саптан шығып қалды

Ертең қарт құрлықта 2012 жылы өтетiн Еуропа бiрiншiлiгiнiң iрiктеу ойындары жалғасады. Қазақстан құрамасымен А тобына бiрге түскен Германия футболшылары Түркиямен күш сынаспақ. Қыркү­йек айының басында елiмiздiң футболшыларын 3:0 есебiмен ұтқан түрiктер немiс футболшыларымен айқасуға тас-түйiн дайын. Гус Хиддинктен тәлiм алатын түрiктер екi ойыннан алты ұпай жинап, немiс футболшыларымен бiрге көш бастап келедi. А тобында екi ойыннан соқыр ұпай да алмаған Бельгия мен Әзiрбайжан және Қазақстан құрамалары ғана. Алты-алтыдан ұпай алған Германия мен Түркия құрамаларының соңынан Австрия iлесiп келедi. Австрия футболшыларының қоржындарында Қазақстанды ұтып алған үш ұпайлары ғана бар. Ертең Германия мен Түркия А тобындағы көшбасшы команданы анықтайды. Австрия Әзiрбайжан құрамасын қабылдайды. Айтпақшы, Германия құрамасының үздiк ойыншыларының бiрi Бастиан Швайнштайгер өткен аптаның соңында жарақат алып қалды. Бас бапкер Йоахим Левтiң айтуынша, Б.Швайнштайгер алдағы екi ойынға да қатыса алмайды. Бұл дегенiмiз, 12 қазан күнi Бас­тиан Швайнштайгер Астанаға келе алмайды деген сөз. 

Басқа топтағы командалардың жағ­дайы­на келсек, В тобында өнер көрсетiп жатқан Ресей футболшыларының жағдайы мәз емес. Қатарынан екi ойында үш ұпайды ғана мiсе тұтқан орыстар ертең Дублинде Ирландиямен күш сынасады. Дик Адвокат баптайтын Ресей құрамасында сейсенбi күнi бiраз өзгерiстер болды. Өткен аптаның соңында құрама командаға қосылған шабуылшы Роман Павлюченко жарақатына байланысты алаңға шыға алмайды. Оның орнына Дик Адвокат “Зениттiң” шабуылшысы Александр Бухаровты шақыртты. Сондай-ақ, Александр Кержаков, Игорь Денисов, Владимир Быстров сынды футболшылардың да алаңға шығу-шықпауы белгiсiз.
Оңтүстiк Африка Республикасында өткен биылғы әлем бiрiншiлiгiнен қарабет боп қайт­қан француздар румындармен жасыл алаңға шығады. Д тобындағы бұл ойын 9 қазанға белгiленген. Лоран Блан бас бапкерлiкке келгелi берi өз тобында бiр ойында жеңiске жеткен Франция футболшылары тобында үшiншi тұр. Екi ойында төрт ұпай жинаған Албания мен Беларусь футболшылары әзiрге көш басында.
Ертеңгi өтетiн ойындардың iшiнде Португалия мен Дания футболшылары арасындағы ойын тартысты өтедi деп күтiлуде. Даниямен болатын ойын Португалия құрамасының бас бапкерi Паулу Бентудың қызметке келгеннен бергi алғашқы ойыны болмақ. Естерiңiз­ге сала кетейiк, Португалия футболшыларын әлем бiрiншiлiгiне бас­тап барған Карлуш Кейруш қыркүйек айының орта шенiнде өз қызметiнен кеткен болатын. Дәл қазiр Португалия құрамасының жағдайы мәз емес. Н тобына түскен португалдар бұған дейiн өткiзген екi ойыннан небәрi бiр ұпай ғана алды.
 
8 қазан күнiне жоспарланған ойындар күнтiзбесi:
А тобы
Қазақстан – Бельгия, Австрия – Әзiрбайжан, Германия – Түркия;
В тобы
Ирландия – Ресей, Армения – Словакия, Андорра – Македония;
С тобы
Словения – Фарер аралдары; Сербия – Эстония, Солтүстiк Ирландия – Италия;
Д тобы
Люксембург – Беларусь, Албания – Босния және Герцеговина;
Е тобы
Венгрия – Сан-Марино, Молдова – Нидерланды;
F тобы
Грузия – Мальта, Грекия – Латвия;
G тобы
Уэльс – Болгария, Черногория – Швейцария;
Н тобы
Кипр – Норвегия, Португалия – Дания;
I тобы
Испания – Литва, Чехия – Шотландия;
9 қазан
Д тобы
Франция – Румыния;
F тобы
Израиль – Хорватия.

 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар