1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №79 (15537) 5 қазан, сейсенбі 2010
"Жас Алаштың" спорт беті.
5 қазан 2010
АҚШ – әлем чемпионы!

Жексенбi күнi Чехияда баскетболдан әйелдер арасындағы әлем бiрiншiлiгi аяқталды. Финалда чех баскетболшыларын 89:69 есебiмен жеңген АҚШ құрамасының бойжеткендерi әлем чемпионы атанды. Қола медаль Испания баскетболшыларына бұйырды.

Топтық ойындарда Австралия, Франция, Беларусь, Грекия және Канада баскетболшыларын ұтқан американдықтардың бұл әлем бiрiншiлiгiндегi алтыншы жеңiсi. Соңғы рет американдықтар 2002 жылы Қытайда өткен додада топ жарған-ды.
Баскетболдан әлем бiрiн­шiлiгi төрт жылда бiр рет өтедi. Осыдан төрт жыл бұрын Бразилияда жалауы көтерiлген әлем бiрiншiлiгiнде Австралия бойжеткендерiнiң бағы жанған. Биыл Австралия құрамасы тек бесiншi орынмен ғана шектелдi. Жасыл құрлықтың өкiлдерi топтық ойындардан шығуын шықты-ақ. Алайда, ширек финалда алаң иелерiнен 68:79 есебiмен жеңiлiп қалды.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар