1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №79 (15537) 5 қазан, сейсенбі 2010
"Жас Алаштың" спорт беті.
5 қазан 2010
147 миллион 147 миллион теңге бөлiндi

Анадолы елiнде ауыр атлетикадан әлем чемпионаты да тарих қойнауына аттанды. Жарыстан соң, спортшылардың ауыр атлетика тұғырындағы айқасы емес, нәтиже қалары белгiлi. Ал бiздiң параққа қатталған же­тiстiгiмiз – 2 алтын, 5 әлем рекорды... Бұл жеңiстiң барлығы бойжеткендерiмiздiң еншiсiнде. Ал бiлектi ұлдарымыздың бiтiр­генi шамалы. Анталья додасы алдында Седовқа алтынды “ұс­та­тып” қойған едiк. Бiрақ сол алтын арманға айналғаны. Жүл­де алады деген Кузнецовта сан соғып қалды. Түрiк елiндегi сын­ның қорытындысына кей жанкүйер қауымның көңiлi толған жоқ. Ал бапкерлер мен федерация басшылығы бұл жеңiстi тарихи жеңiс деп бағалап отыр.

Әлемдiк сын аяқталысымен, елге оралған мамандар жур­налистердiң басын қосып, баспасөз мәслихатын өткiздi. Қуаныштысы сол, ауыр атлетиканы “Самұрық-Қазына” әл-ауқат қоры өз қарамағына алды. “Барыс” хоккей клубы мен “Астана” велоклубын қаржыландыратын бұл компания ендi зiлтемiршiлерге демеушi болады. Биылғы жылға бұл компания 147 миллион теңге бөлiптi. “Самұрық-Қазына” әл-ауқат қорының басқарушы директоры Дархан Қалетаевтың сөзiне сенсек, келер жылы бұл қаржы екi еселенбек.
Бұқаралық ақпарат құралдарының басын қосқан жиында ұлттық құраманың кеңесшi­сi Энвер Түркелери ащы шындықтың бетiн ашты. Әлемдiк сындарда жүлденi уыстап алып жүрген қазақ ауыр атлеттерiнiң қолайлы жаттығуына арналған база жоқ көрiнедi. Тiптi, қазiр Алматы төрiнде орналасқан шағын жаттығу алаңында ыстық су жоқ. Бұл туралы Түркелери мырза былай дедi: “Егер Лондонда тамаша жетiстiкке қол жеткiземiз десек ыстық суы бар жаттығу базасы керек. Бiр жыл өттi. Әлi базаның құрылысы басталған жоқ. Ал бiз жаттығып жүрген базаның бөлмелерiнде ыстық су жоқ. Бұл кемшiлiктi көршi Ресей немесе Өзбек жұрты естiмесiн. Күлкi етедi. Бұл ауыр атлетикадан Олимпиадалық даярау орталығының жұмысына сын..”.
Қазақстан ауыр атлетика қауымдастығының басшысы Қайрат Тұрлыханов бұл оқылықтың орнын толтыратынын айтты. Бiрақ бұл да құр сөз боп желге ұшпаса дейсiң.
Баспасөз жиынына қатысқан Алексей Ни былай дедi: “Қытай құрамасы Антальяға екiншi құраммен барды. Олар бiрдi-екiлi спортшыларын жасырып отыр. Бiз өткен жылғы әлем чемпионатында, Азия бiрiн­шiлiгiнде Қытай қыздарының алдын орап кеттiк. Соның есесiн қайтаруды көздейдi олар. Майя Манеза мен Зүлфия Чиншанлоның және Светлана Подобедованың рекордын жаңартуды көздейтiн Қытай Азия ойындарында барын салатыны анық. Демек, Азия ойын­дары бiздiң атлеттер үшiн ауыр сын болмақ.
Әлем бiрiншiлiгiнде Светлана Подобедова өзiнiң бұрынғы отандастарының жiгерiн жасытты. Екi спортшысы жүрiп, Светланаға жете алмау Ресейге өте ауыр тидi. Ендi олар да бiзге қарсы “жаңа қару” ойлап табуға тырысады...
 
Руслан МЕДЕЛБЕК
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар