1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №79 (15537) 5 қазан, сейсенбі 2010
"Жас Алаштың" спорт беті.
5 қазан 2010
Сұрмерген Тiлешов

Өткен аптада Қазақстан премьер-лигасының 27-тур ойындары өттi. Бұл турдың орталық кездесулерiнiң бiрiнен саналған Астананың “Локомотивi” мен Қостанайдың “Тобылы” арасындағы ойын 0:0 есебiмен тең аяқталды.

Қостанайдың “Тобылы” премьер-лига ойындары мәреге жақындаған сайын ұпай жоғалтуды әдетке айналдырып ал­ды. 25-турда “Ақтөбеден” айласын асыра алмаған “Тобыл” футболшылары өткен турда Қарағандының “Шахтерiмен” тең түскен-дi. Ендi мiне, Равиль Сабитовтiң шәкiрт­терi астаналық футболшылармен ұпай бөлiстi. “Тобылдың” тең ойыны “Ақтөбеге” қолайлы болып тұр. Қатарынан үш ойында тоғыз ұпайға ие болған ақтөбелiктер тур өткен сайын “Тобылға” жақындап келедi. 27-турда “Атырауды” 5:2 есе­бiмен “алып ұрған” “Ақ­төбе” дәл қазiр “Тобылдан” небәрi бес ұпайға қалып тұр. Бұл ойында “Атырау” қақпасына қос гол соққан “ақтөбелiк” Мұрат Тiле­шов Қазақстан бiрiншiлi­гiндегi соққан голдарының санын 131-ге жеткiз­дi. Тараз футбол мекте­бiнiң түлегi бұған дейiн “Шахтер”, “Тараз”, “Ор­да­басы”, “Ертiс” “Астана” клубтарында өнер көр­сет­кен. Жалпы, Мұ­раттың Қазақстан бiрiн­шiлiгiнен басқа жарыстарда соққан доптарының саны – 160. Қазақстан кубогында 19 доп соққан мерген шабуылшы Чемпиондар лигасында 4 мәрте гол соқты. М.Тiле­шов Еуропа лигасында 2 доп соқса, “Достастық” кубогында 3 рет және Қазақстан құрамасының сапында бiр рет мер­гендiгiмен көзге түстi. Дәл қазiр Мұрат Тiлешов Қазақстан бiрiншiлiгiнiң тарихында ең көп доп соққан үш футболшының қатарында тұр. Мергендер көшiнiң тiзгiнi әзiрге марқұм Олег Литвиненконың еншiсiнде – 148 доп. Одан кейiнгi орында Нүркен Мәзбаев тұр. Кезiнде қазақ футболын өрге сүйреген саңлағымыз Қазақстан бiрiн­шiлiгiнде 142 доп соқты.
 
27-турдың толық нәтижелерi мынадай:
“Локомотив” (Астана) – “Тобыл” (Қостанай) – 0:0;
“Шахтер” (Қарағанды) – “Ертiс” (Павлодар) – 1:1 (Пикалкин, 90-минутта – Шабалин, 4-минутта);
“Атырау” (Атырау) – “Ақтөбе” (Ақтөбе) – 2:5 (Пейкришвили, 80-минутта, Фрунза, 86-минутта – Тiлешов, 16, 33-минуттарда, Хайруллин, 22-минутта, Карпоич, 39-минутта, Аверченко, 88-минутта);
“Оқжетпес” (Көкшетау) – “Қайрат” (Алматы) – 1:1 (Дяк, 45-минутта, пенальтиден – Носков, 86-минутта);
“Тараз” (Тараз) – “Ордабасы” (Шымкент) – 1:1 (Йованович, 58-минутта – Тәжiмбетов, 46-минутта);
“Ақжайық” (Орал) – “Жетiсу” (Талдықорған) – 0:3 (Мұжықов, 19-минутта, Щеткин, 58-минутта, Байжанов, 67-минутта).
 
28-турда мына командалар кездеседi:
“Ертiс” – “Тобыл”;
“Ақтөбе” – “Локомотив”;
“Шахтер” – “Атырау”;
“Ордабасы” – “Жетiсу”;
“Қайрат” – “Ақжайық”;
“Тараз” – “Оқжетпес”.
 
Мергендер:
1. Ұлықбек Бақаев (“Тобыл”) –     14 доп;
2. Нұрбол Жұмасқалиев (“Тобыл”) – 12 доп;
3-4. Мұрат Тiлешов (“Ақтөбе”), Геор­гий Даскалов (“Ертiс”) – 10 доптан;
5-6. Глеб Мальцев (“Ертiс”), Игорь Бугаев
(“Локомотив”), Мозес Саки (“Ақжайық”) – 9 доптан;
7. Самат Сымақов (“Ақтөбе”) –     8 доп.
 
Төлеубек Әдiлбекұлы
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар