1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №76 (15535) 28 қыркүйек, сейсенбі 2010
"Жас Алаштың" спорт беті.
28 қыркүйек 2010
Трамплин кешенiнiң тұсауы кесiлдi

 Алматы төрiндегi Есентай өзенiнiң батысында жаңа трамплин спортына арналған кешен ашылды. Трамплин кешенiнiң ашылу құрметiне құрлықаралық кубок додасы өткiзiлдi.

Елiмiзде өтетiн қысқы Азия ойындарының қарсаңында ашылған бұл кешенде ендi әлемдiк дең­гейдегi iрi сындар өткiзiл­мек. Спорт кешенi халықаралық стандартқа сай.   К-95 және К-120 тұғырларында ендi кез келген деңгейдегi iрi сындарды қабылдауға болады. Ал кешендегi жарысты 5500 адам тамашалауға мүм­кiн­дiк бар.
Трамплиннен секiру кешенiнiң ресми ашылу салтанатына Алматы қаласының әкiмi Ахметжан Есiмов мырза арнайы келдi.
– Бұл кешеннiң құрылысы өз уақытында аяқ­тал­ды. Ендi Алматыға қанатты шаңғышылар ат басын жиi бұратын болады. Бүгiн бiз дәре­жесi әлем кубогынан кейiнгi iрi турнир Құрлықаралық кубок бәсекесiн өткiзiп отырмыз. Ал алдағы уақытта әлемдегi басқа да мәр­тебелi сындарды қабылдайтынымыз­ға сенемiн.
Трамплиннен секiру­ден Құрлықаралық кубок бәйге­сi­не әлемнiң 12 елiнен (Польша, Жапония, Германия, Словакия, Чехия, Эстония, Нидерланды, Ресей, Авс­трия, Корея, Словения және Қазақстан) 47 спортшы қатысты. Қазақстан намысын бұл сында Олимпиада ойындарының қатысушылары Николай Карпенко, Радик Жапаров, Алексей Королев және Юрий Никитин қорғады.
Трамплиннен секiру спорты қазақ елiнде жақсы дамыған деп айта алмайсыз. Ел спортшыларының Олимпиада ойындарына қатысқаны болмаса, жүлдеге жету – арман. Тұғырға аяқ басу былай тұрсын, үздiк он бестiкке ену – бiздiң спортшылар үшiн бағындыра алмайтын белес. Қазақстан қанатты шаңғышыларының ең үздiк көрсеткiшi – Аомориде өткен (2003 ж.) Азия ойындарындағы командалық сындағы қола жүлде. Шыны керек, Аоморидегi сында барлығы үш ел ғана (Жапония, Қытай, Қазақстан) бақ сынады. Сондықтан бұл жүлденi қар жаумайтын Қатар елi де иелене алар едi. Ендi бұл олқылықтың орны толар деген үмiт басым.
Руслан Меделбек
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар