1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №76 (15535) 28 қыркүйек, сейсенбі 2010
"Жас Алаштың" спорт беті.
28 қыркүйек 2010
«Ордабасы» ойсырата ұтты

Өткен аптада Қазақстан премьер-лигасында өнер көрсетiп жатқан командалар 26-тур ойындарымен қатар Қазақстан кубогының ширек финалдық кездесулерiн өткiздi. Премьер-лигада көш бастаған “Тобыл” Қостанайда “Шахтердi” қабылдап, 1:1 есебiмен тең ойнаса, “Ақ­төбе” “Ертiстi” ұтты: 1:0. Алматының “Қайраты” өз алаңында “Ордабасыдан” тас-талқан боп жеңiлдi: 1:5. “Ордабасының” ойсырата жеңуi тек бұл ғана емес. Жексенбi күнi Қазақстан кубогының 1/4 финалдық ойынын Қостанайда өткiз­ген оңтүстiк­қазақ­стан­дықтар “Тобылдың” өзiн “шашып” тастады: 4:1. Бiр айта кетерлiгi, қостанайлық клубтың бас бапкерi Равиль Сабитов “Ордабасымен” болған ойында алаңға негiзiнен жастарды шығарды.

26-турдың нәтижелерi мынадай:
“Тобыл” (Қостанай) – “Шахтер” (Қарағанды) – 1:1 (Лотов, 31-минутта – Финонченко, 88-минутта);
“Ақтөбе” (Ақтөбе) – “Ертiс” (Павлодар) – 1:0 (Дарабаев, 45-минутта);
“Атырау” (Атырау) – “Локомотив” (Астана) – 0:0;
“Жетiсу” (Талдықорған) – “Тараз” (Тараз) – 2:3 (Досманбетов, 58-минутта, Щеткин, 91-минутта – Йованович, 10-минутта, Землянухин, 13-минутта, Недашковский, 40-минутта);
“Қайрат” (Алматы) – “Ордабасы” (Шымкент) – 1:5 (Гошич, 73-минутта – Тәжiмбетов, 8-минутта, Жолдасов, 45-минутта, Әшiрбеков, 49, 68-минутта, Асанбаев, 90-минутта);
“Оқжетпес” (Көкшетау) – “Ақжайық” (Орал) – 1:0 (Чудинов, 2-минутта).
* – “Атыраудың” 3 ұпайы қысқартылды.
 
Мергендер:
1. Ұлықбек Бақаев (“Тобыл”) – 14 доп;
2. Нұрбол Жұмасқалиев (“Тобыл”) – 12 доп;
3. Георгий Даскалов (“Ертiс”) – 10 доп;
4-5. Глеб Мальцев (“Ертiс”), Игорь Бугаев
(“Локомотив”), Мозес Саки (“Ақжайық”) – 9 доптан;
6. Мұрат Тiлешов, Самат Сымақов (“Ақтөбе”) – 8 доптан.
 
Қазақстан кубогы
1/4 финал
“Тобыл” (Қостанай) – “Ордабасы” (Шымкент) – 1:4 (Аханов, 7-минутта – Жолдасов, 25-минутта, Тәжiмбетов, 47, 56-минуттарда, Вагнер, 71-минутта);
“Локомотив” (Астана) – “Тараз” (Тараз) – 1:0 (Бугаев, 39-минутта);
“Жетiсу” (Талдықорған) – “Атырау” (Атырау) – 3:0 (Щеткин, 30, 31-минуттарда, Костюк, 50-минутта);
“Шахтер” (Қарағанды) – “Ақтөбе” (Ақтөбе) – 2:1 (Сучков, 69-минутта, Финонченко, 78-минутта – Хайруллин, 56-минутта).
«Ордабасы», «Локомотив», «Жетiсу» және «Шахтер» Қазақстан кубогының жартылай финалына шықты.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар