1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №74 (15532) 16 қыркүйек, бейсенбі 2010
"Жас Алаштың" спорт беті.
16 қыркүйек 2010
Алты боксшы алғашқы асудан аса алмады

Барбадоста бокстан әйелдер арасында әлем бiрiншiлiгi өтуде. Өкiнiшке қарай, шаршы алаңға шыққан алты боксшымыз алғашқы жекпе-жектерiнде жеңiлiс тауып, жарыстан шығып қалды. 

Вадим Присяжнюк баптайтын елiмiздiң бойжеткендерi арасынан төрт боксшы ширек финалға шықты. Азия бiрiншiлiгiнiң күмiс жүлдегерi, 48 келi салмақтағы Назгүл Боранбаева алғашқы жекпе-жегiнде кениялық Онянго Мил­дредтi 13:0 есебiмен ұтса, келесi күнi бразилиялық Эрика Матосты 11:2 есебiмен жеңдi.
Үздiк сегiз боксшының қатарына 54 келiдегi Саида Хасенова (суретте) да қосылды. Саида 1/8 финалында шаршы алаң иесiн айқын басымдықпен жеңдi.
81 және 81 келiден жоғары салмақта жұдырықтасқан Марина Волнова мен Жұлдыз Маматқұлова да жартылай финалдық жолдаманы сарапқа салады. Марина алғашқы жекпе-жегiнде канадалық боксшыдан айласын асырды. Жұлдыз поляк бойжеткенi Анна Словкиктiң сағын сындырды. 
51 келi салмақтағы Айгерiм Асқарова мен 54 келiдегi Оксана Королева алғашқы жекпе-жектерiнде жеңiлiп, жарыстан шығып қалды. Айгерiм тайландтық боксшыға тiзе бүксе, Оксана польшалық әрiптесi­нен ұтылуға мәжбүр болды. 60 келi салмақтағы Гүлжан Үбниязова да бiрiншi жекпе-жегiнде есе жiбердi. Жеңiлгендердiң қатарында Мөлдiр Базарбаева (69 келi) мен Дариға Шәкiмова (75 келi) бар.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар