1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №74 (15532) 16 қыркүйек, бейсенбі 2010
"Жас Алаштың" спорт беті.
16 қыркүйек 2010
Шведова – Кинг жұбы үздiк атанды

АҚШ-та “Үлкен Дулыға” санатына кiретiн “Us Open” турнирi мәресiне жеттi. Бұл жарыста американдық Ваниа Кингпен жұптасып өнер көрсеткен қазақстандық Ярослава Шведова айтулы доданың бас жүлдесiне ие болды.

Ярослава Шведова мен Ваниа Кинг осыдан екi ай бұрын Уимблдон турнирiнде де топ жарғанын жанкүйер қауым жақсы бiледi. Жұптасып өнер көрсетуде алдарына жан салмай келе жатқан қос теннисшi бұл жолы да ешкiмге дес бермедi. Финалда Шведова-Кинг тандемi Лизель Хубер (АҚШ) мен Надежда Петрова (Ресей) жұбымен айқасты. Үш кезеңге созылған ойын 2:6, 6:4, 7:6 есебiмен Шведова-Кингтiң пайдасына шешiлдi.
Ярослава Шведованың жекелей сайыста жолы болған жоқ. Алғаш­қы айналымда испан теннисшiсi Лурдес Домингестен ұтылып, жарыстан шығып қалды. Әйелдер арасындағы бас жүлденi бельгиялық Ким Клийстерс жеңiп алды. Бельгиялық тен­нис­шi финалда ресейлiк Вера Звонареваның тас-талқанын шығарды: 6:2, 6:1.
Ерлер арасындағы бәсеке әлемнiң бiрiншi ракеткасы Рафаэль Надальдiң жеңiсiмен аяқталды. Испан теннисшiсi финалда серб Новак Джоковичтен айласын асырды. Р.Надаль жартылай финалда Ресей теннисшiсiМихаил Южныйдан айласын асырса, Н.Джокович швейцариялық Роже Федерердi жолдан тайдырды.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар