1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №73 (15531) 14 қыркүйек, сейсенбі 2010
"Жас Алаштың" спорт беті.
14 қыркүйек 2010
Қайраткер атындағы жүлде

Өткен жұмада Ғабит Мүсiрепов атындағы бильярд клубында (Жазушылар одағының ғимаратында) белгiлi мемлекет және қоғам қайраткерi Алтынбек Сәрсенбайұлының жүлдесiне арналған бильярдтан республикалық турнир өттi.

Бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерi мен зиялы қауым өкiлдерiнiң басын қосқан дәс­түрлi турнир биыл екiншi рет ұйымдастырылып отыр. Биылғы жарыстың бiр еркешелiгi қатысушылардың саны едәуiр көп болды. Турнирдiң ашылу салтанатында белгiлi қаламгер, спорт журналисi Несiп Жүнiсбайұлы, академик Оразалы Сәбден және тағы басқа елiмiздiң зиялы қауым өкiлдерi сөз алып, Алтекең жайлы естелiктер айтты. Жарыстың бас төрешiсi Ғабиден Жакеев биылғы турнирдiң деңгейi өте жоғары болғанын айтады. “Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы дәстүрлi турнир биыл екiншi рет ұйымдастырылып отыр. Биылғы турнир былтырғыға қарағанда деңгейi жоғары болды. Оның басты себебi, биылғы жарысқа тек БАҚ өкiл­дерi ғана емес, ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлерi, зиялы қауым өкiлдерiнен барлығы 40 ойыншы қатысты. Жарыстың жоғарғы деңгейде өткенiн осыдан-ақ байқауға болады”, – дейдi Ғ.Жакеев.
Дәстүрлi турнирдiң қорытындысы бойынша бас жүлденi Серiк Камзолдаев жеңiп алды. С.Камзолдаев финалда белгiлi сая­саттанушы Айдос Сарымнан басым түстi. “Хан Тәңiрi” газетiнiң журналисi Нұр­мұхамед Қарқара жүлделi үшiншi орынды иелендi. Сондай-ақ, турнир барысында үздiк номинацияға ие бол­ған тас­таяқ шебер­лерiнiң де есiмдерi белгiлi болды. “Интелектуалды ойыншы” деген атаққа журналист Нұртiлеу Иманғали­ұлы қол жеткiзсе, “Ең мерген ойыншы” атағы Оразалы Сәбденге бұйырды. “Жеңiске деген жiгерi” үшiн номинациясын Кәдiрбек Құныпия жеңiп алды. Белгiлi ақын Ұлықбек Есдәулет жарысқа қатыс­қандардың арасында “ең тәжiрибелi” деген атқа лайық деп танылды.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар