1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №67 (15525) 24 тамыз, сейсенбі 2010
"Жас Алаштың" спорт беті.
24 тамыз 2010
«Тобыл» ұзап барады

Қазақстан премьер-лигасында өнер көрсетiп жатқан елiмiздiң командалары өткен аптаның жексенбiсiнде екiншi кезеңнiң ойындарын бастады. Алғашқы алты орын үшiн бақ таластырып жатқан командалардың арасынан әзiрге “Тобыл” футболшыларының шоқтығы биiк тұр. Олай дейтiн себебiмiз, қостанайлық футболшылар жексенбi күнi өз алаңында “Атырау” футболшыларын қабылдап, 3:0 есебiмен жеңiске жеттi. “Тобылды” өкшелеп келе жатқан Павлодардың “Ертiсi” сырт алаңда Астананың “Локомотивiнен” ұтылды: 0:1. Бұл ойында “темiржолшылар” жеңiс добын ойынның 88-минутында соқты. “Ертiстiң” жеңiлiсi “Тобылдың” премьер-лиганың бас жүлдесiне тағы бiр қадам жақындата түстi. 23-ойыннан кейiн көш басындағы “Тобыл” екiншi орында келе жатқан “Ертiстен” жетi ұпайға озып кеттi. Ендi екi күннен кейiн Еуропа лигасы аясындағы ойынын Голландияның “Алкмаар” клубына қарсы өткiзетiн “Ақтөбе” футболшылары Қарағандының “Шахтерiн” қабылдап, 2:0 есебiмен ұтты.

Жиырма екi ойында төрт-ақ рет жеңiске жеткен Алматының “Қайраты” өз алаңында “Таразбен” жасыл алаңға шығып, 0:3 есебiмен ұтылып қалды. Әзiрге алматылықтардың “қара тiзiмге” кiрмеуiне “Ақжайық” пен “Окжетпес” командалары көп “үлес” қосып отыр. Турнир кестесiнiң соңғы екi орнын иемденiп алған қос команданың “Қайратты” басып озатындай қауқарлары жоқ сияқты. Алайда, “Ақжайық” та, “Оқжетпес” те бұл турда алматылықтарға қарағанда әлдеқайда жақсы өнер көрсеттi. “Ақжайық” сырт алаңда Шымкенттiң “Ордабасы” клубын 2:1 есебiмен қапы қалдырса, “Оқжетпес” Талдықорғанда “Жетiсу­мен” тең ойнады: 0:0.
 
13-турдың толық нәтижелерi мынадай:
“Тобыл” (Қостанай) – “Атырау” (Атырау) – 3:0 (Бақаев, 34-минутта, пенальтиден, 76-минутта, Қуантаев, 88-минутта);
“Ертiс” (Павлодар) – “Локомотив” (Астана) – 0:1 (Рожков, 88-минутта);
“Ақтөбе” (Ақтөбе) – “Шахтер” (Қарағанды) – 2:0 (Сымақов, 47-минутта, пенальтиден, Кенжесариев, 83-минутта);
“Жетiсу” (Талдықорған) – “Оқжетпес” (Көкшетау) – 0:0;
“Ордабасы” (Шымкент) – “Ақжайық” (Орал) – 1:2 (Касьянов, 55-минутта – Забродин, 32-минутта, Саки, 71-минутта, пенальтиден);
“Қайрат” (Алматы) – “Тараз” (Тараз) – 0:3 (Недашковский, 28-минутта, Землянухин, 32-минутта, Қонысбаев, 69-минутта);
 
Мергендер:
1. Ұлықбек Бақаев (“Тобыл”) – 12 доп;
2. Нұрбол Жұмасқалиев (“Тобыл”) – 10;
3-5. Глеб Мальцев (“Ертiс”), Георгий Дасқалов (“Ертiс”), Игорь Бугаев (“Локомотив”) – 9 доптан;

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар