1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №67 (15525) 24 тамыз, сейсенбі 2010
"Жас Алаштың" спорт беті.
24 тамыз 2010
Оңтүстiктiң аты озды

Жексенбi күнi бокстан Қазақстан кубогының кезектi жекпе-жегi өттi. Оңтүстiк Қазақстан облысының боксшылары мен Қызылорда облысының боксшылары арасында өткен матчтық жекпе-жекте оңтүстiкқазақстандық боксшылардың мерейi үстем болды. Он бiр салмақ дәрежесiнде бақ сынаған боксшылардың арасынан оңтүстiкқазақстан­дық Олжас Байниязов (49 келi), Нұрғазы Жүсiпов (52 келi), Азамат Әлбосынов (60 келi), Алмасбек Әлiбеков (64 келi), Асқар Абдуллаев (81 келi), Еркебұлан Шынәлиев (91 келi) өз қарсыластарынан басым түстi. Аса ауыр салмақта қызылордалық Ержан Жұмадiлдаев шаршы алаңға шықпағанына байланысты жеңiс шымкенттiк Досжан Оспановқа берiлдi. Қызылордалық боксшылардың сапынан үш боксшы ғана жеңiс тойын тойлады. Олар: 56 келiдегi Алмат Сқақов пен 69 келiдегi Рустам Сваев және 75 келiде жұдырықтасатын Жасқайрат Исмаилов.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар