1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №67 (15525) 24 тамыз, сейсенбі 2010
"Жас Алаштың" спорт беті.
24 тамыз 2010
Теннис табыс көзiне айналып тұр

Ай сайын спортшылардың әмиянын ақтарып тұрмаса көңiлдерi жай таппайтын АҚШ-тың “Форбс” журналының қызметкерлерi өткен аптада спортты серiк еткен бойжеткендердiң қалтасын ақтарып шығыпты. Әлемдегi ең бай, ауқатты спортшы әйел кiм деген сұраққа жауап iздеген американдық журнал тiзiмнiң ең ұшар басына ресейлiк теннисшi Мария Шарапованы (суретте) шығар­ған. “Форбс” журналының зерт­­теуiн­ше, ресейлiк теннис­шi өткен жылдың шiлде айынан осы жылдың шiлде айына дейiн 24,5 миллион доллар табыс тапқан. М.Шарапова табысының негiзгi бөлiгiн жарнама арқылы жинаған. Ол қазiрдiң өзiнде “Nike“, “Sony Ericsson”, “Land Rover” “Canon”, “Prince”, “Tiffany”, “Tag Heuer” сынды фирмалардың өнiмдерiн жарнамалайды.

Американдық апалы-сiңлiлi теннисшiлер Винус пен Серена Уильямс “Форбс” журналы жасаған тiзiмнiң екiншi және үшiншi орнында тұр. Серана Уильямс былтыр шiлдеден берi 20,2 миллион доллар табысқа кенелсе, оның әпкесi Винус 15,4 миллион долларға қалтасына басқан. “Форбс” журналының жариялаған тiзiмiне қарайтын болсақ, алғашқы ондықтың тең жартысы теннисшiлерден құралған.
Әлемдегi ең бай спортшы әйелдердiң алғашқы ондығы:
1. Мария Шарапова (Ресей, теннис) – 24,5 миллион доллар;
2. Серана Уильямс (АҚШ, теннис) – 20,2 миллион доллар;
3. Винус Уильямс (АҚШ, теннис) – 15,4 миллион доллар;
4. Даника Патрик (АҚШ, автожарыс) – 12 миллион доллар;
5. Ким Ю На (Оңтүстiк Корея, мәнерлеп сырғанау) – 9,7 миллион доллар;
6. Анника Соренстам (Швеция, гольф) – 8 миллион доллар;
7. Ана Иванович (Сербия, теннис) – 7,2 миллион доллар;
8. Елена Янкович (Сербия, теннис) – 5,3 миллион доллар;
9. Паул Кример (АҚШ, гольф) – 5,2 миллион доллар;
10. Лорена Очоа (Мексика, гольф) – 5 миллион доллар.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар