1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №58 (15516) 22 шілде, бейсенбі 2010
"Жас Алаштың" спорт беті.
22 шілде 2010
Азия триатлонының алтыны — Қазақстанда!

Өткен жексенбiде Көкшетау қаласында триатлоннан Азия кубогының кезектi этапы өттi. Дүбiрлi жарысқа қатысуға Австрия, Белоруссия, Израиль, Үндiстан, Ресей, Чехия, Өзбекстан және Қазақстаннан 109 спортшы ниет бiлдiрiптi. Өткен жылғы Азия кубогына тек Азия елдерiнiң спортшылары ғана қатысса, биыл жарыстың бәсi өсiп, Еуропа елдерiнен де спортшылар бақ сынауға ниет етiптi.

Жарыстың салтанатты ашылуының алдында «ауыздықты шайнап», тыпыршып тұрған спортшылардың тiзгiнiн бiр жiберiп алу әдетке айналған.
Алдымен жарыс жолына жасөспiрiмдер шықты. Бозбалалар мен бойжеткендер жүрiп өтетiн жарыс жолы екi есеге дейiн қысқа­рыпты. Олар алдымен 750 метр жердi жүзiп өтiп, 20 шақырымды шайтанарбамен басып, қалған 5 шақырымда екi аяғына ерiк бередi. Ақ тер-көк тер болған жасөспiрiм спортшы­лардың арасынан өзбекстандық Джавохир Юнусов бәрiнен озып келдi. Ол жарыс жолын 59 минут 51 секундта жүрiп өттi. Екiншi және үшiншi орынды жерлестерiмiз Айдар Қапаров пен Антон Портнягин бөлiстi.
Бойжеткендер арасынан көкшетаулық Каролина Со­ло­вева бәрiн шаң қаптырды. Оның уақыт көрсеткiшi — 66 минут 10 секунд. Екiншi орын үндiстандық спортшы Пуджа Шаурушиге бұйырды. Бұл қыз өткен жылы да осы жарысқа қатысып, жүлделi орын иеленген едi. Үшiншi орынды қазақстандық Ольга Радзиевская еншiледi.
Жарыстың салтанатты ашылуында ұйымдас­тыру­шы­лар сөз сөйлеп, жарысқа қатысушылар ресми түрде таныстырылғаннан кейiн негiзгi бәсеке басталды.
Спортшы жiгiттер «әп» деп жүзе жөнел­генде чех жiгiтi Павел Патакқа iлесетiн ешкiм табылмады. Бәсекелестерiнен бiршама жер озып кеткен Патак — аса тәжiрибелi спортшы. Патактың триатлоннан әлем чемпионат­та­ры­на қатысып, алдыңғы қатарда жүретiнiн бiле­тiн жұрт оның бәйгенi «шаппай алатынына» сенiмдi едi. Алайда, мәреге қарыс қадам қалған­да тәжiрибелi Павел Патак өзбек­стандық Шокрун Юнусовтан қалып қойды. Өзбек жiгiтi судан секiрiп шығып, шайтанар­басына жармасты. Одан кейiн П.Патак, үшiншi болып беларус Александр Василевич кеттi құйындатып. Бiздiң жiгiттер қос Дмитрий Смуров пен Гааг (cуретте) судан төртiншi және бесiншi болып шыққанда «әй, аналарға қуып жете алмайды-ау» дескен жұрт. Шайтан­арбамен жүрiп өтуге тиiс жолдың ұзындығы — 40 шақырым. Одан кейiнгi 10 шақырымды жiгiттер жүгiрiп өтуге тиiс.
Мәре сызығының маңына жиналған жұрт әне-мiне спортшылардың төбесi көрiнiп қалады-ау десiп тағатсызданып тұрды. Әрине, жанкүйерлер қазақстандық спортшылардың бiрiншi болып келуiн қалағанымен, мәре сызығын не чех жiгiтi, не беларус спортшысы бiрiншi болып қиятынына сенiмдi едi. Олар бiздiң жiгiттерден оқ бойы озық кеттi ғой...
Ең бiрiншi болып қазақстандық триатлон құрамасының капитаны Дмитрий Смуровтың төбесi көрiнгенде жанкүйерлердiң қуанышын­да шек болған жоқ. 28 жастағы Смуров үш этапты 1 сағат 49 минут 52 секундта басып өтiп, бiрiншi орынды иелендi. Екiншi орынды Қазақстан триатлонының жарық жұлдызы, Дмитрий Гааг жеңiп алды. Ал үшiншi болып белорус спортшысы Александр Василевич келдi.
Қыздар арасындағы жарыс та өте қызықты өттi. Бiрiншi орын қазақстандық Екатерина Шатнаяға бұйырса, екiншi болып ресейлiк Екатерина Акимова келдi. Үшiншi орынды жеңiп алған да — өзiмiздiң қаракөзiмiз. Қоста­най­лық Әсем Уайысова 2 сағат 29 ми­нут 29 секунд көрсеткiшпен қоладан медаль тақты.
Жарыс соңында Азия кубогының жеңiмпазы Дмит­рий Смуров бүй дептi: «Бұл жарыс жолы мен үшiн таңсық емес. Бүгiн өзiмдi өте тамаша сезiндiм. Жарақат­тың салдарынан бiр ай бойы жатты­ғу жасамап едiм, кәдiмгiдей тыңа­йып қалған сияқты­мын. Жалпы, мен нағыз бәсекелес деп Дима Гаагты ғана мойындаймын. Әдетте ол бәрiн шаң қаптыратын. Бұл жолы менiң бағым жанды...».
Сол күнi Қазақстанның әнұраны үш мәрте ойналды. Жеңiмпаздар мен жанкүйерлердiң кейбiрi қуаныштан көздерiне жас алып жатты.
Триатлон — жазғы олимпиялық ойын түрлерiнiң қатарына кiрген спорт түрi. Танымалдығы жөнiнен марафон мен шыңға жарысынан да озады. Бiздiң қыз-жiгiттер Азия кубогын ұтты. Әлемде де олжа салып жүр. Ендi олимпиада ойындарында қоржынға жүлде салса ғой, шiркiн...
Дайындаған Е.Биеке.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар