1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №58 (15516) 22 шілде, бейсенбі 2010
"Жас Алаштың" спорт беті.
22 шілде 2010
«Еуропа — 2016» бiзге арман ба?

Букмекерлiк компаниялар фут­болдан әлем чемпионатынан түскен «тиын-тебенiн» сылдырла­тып санап жатқанда мамандар чемпионаттың қорытыныдысын шығарумен әлек. Қазақстандық футбол федера­ция­сы да өз бiлгенiн iстеп жатыр. Футбол басшылары бiздiң құрама­ның алдына мақсат қойды. Ол — 2016 жылы футболдан өтетiн Еуропа чемпионатының финалына жету. Қойылған мақсат дұрыс па? Дұрыс. Еуропа чемпионатының финалына жету керек пе? Керек. Бiрақ, қалай шығамыз? Қазақ­стандық жан­күйер­лердi Бразилия­ның, Аргенти­неның неме­се Испа­ния­ның емес, Қазақстан футбол­шыларының ойы­нына қалай қол соқтыра аламыз?

Қазақстандық бiлiктi маман, қазiр Өзбекстан чемпионатының жоғарғы дивизионында ойнайтын «Машал» командасын жаттық­ты­ратын Владимир Фомичев бұл туралы былай дептi: «Бұл тап­сырманы iске асыру мүмкiн емес. Ресей де «2018 жылы әлем чемпионы боламыз» деп жүр ғой. Олардiкi де құр айқай.
Тәуелсiздiк алған 20 жылдың iшiнде бiр ғана стадион салдық. Клубтардағы инфрақұрылым өте нашар. Стадиондардың көпшiлiгi сонау алпысыншы жылдары са­лын­ған. Қайта Ресейде қозғалыс бар. Олар жылына 70 футбол алаңын салып жатыр. Бiзге де ең болмаса солай iстеу керек. Әйтпесе, Еуро­па чемпионатын түсiмiзде ғана көретiн боламыз».
12 қазанда бiздiң құрама Германия құрамасымен ойнайды. Әлем чемпионатының қола жүл­десiн немiстердiң қалай жеңiп алғанын көзiмiз көрдi. Ендеше, «немiс машинасына» қарсы бiздiң жалқау ойыншылардың қалай ойнайтынын көретiн күн де алыс емес.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар