1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №53 (15511) 6 шілде, сейсенбі 2010
"Жас Алаштың" спорт беті.
6 шілде 2010
Алты боксшы бас жүлде алды

Астанада бокстан ҚР Президентiнiң кубогы мәресiне жеттi. Әлемнiң оннан аса елiнен келген былғары қолғап шеберлерi бiр апта бойы он бiр салмақ дәрежесiнiң жүлделерiн сарапқа салды. Бұл жарысқа бiрден төрт команда жасақтап шығарған қазақстандық боксшылар 6 алтын, 6 күмiс, 14 қола медальға қол жеткiздi.

48 келi салмақтың финалдық кездесуi қазақстандық бокс­шылардың арасында өттi. Әлем бiрiншiлiгiнiң қола жүлде­герi, Қазақстанның бiрнеше дүркiн жеңiмпазы Бiржан Жақып ең жеңiл салмақта өзiне тең келер қарсылас жоқ екенiн дәлелдеп, жеңiмпаз атанды. Финалда Бiржан өзiнiң ежелгi қарсыласы Iлияс Сүлейменовпен қолғап түйiстiрiп, 7:0 есебiмен таза жеңiске жеттi. Естерiңiзде болса, осы жылдың басында Астанада өткен Қазақстан бiрiншiлiгiнде Бiржан Iлияс Сүлейменовтен ұтылып, Қазақстан бiрiншiлiгi­нiң бас жүл­десiнен қағылған болатын.
51 келi салмақта Мирас Жақыповтың мерейi үстем болды. Финалда әлем чемпионы моң­ғолиялық Пуревдори Сердамбаны сабасына түсiрген Мирас Қа­зақ­стан құрамасының қоржынына екiншi алтын медалдi салса, 57 келi салмақтағы Мәди Шолақов ресейлiк Зинат Жандыбаевты сан соқтырып, алтыннан алқа тағынды. Қазақстан құрамасының қоржынына төр­тiншi алтын медальдi 69 келiдегi Серiк Сәпиев пен 75 келiдегi Нұрдәулет Жарманов салды. Жартылай финалда өзiнiң отандасы Рустам Сваевқа еш мүм­кiн­дiк бермеген Серiк Сәпиев финалда ресейлiк Александр Клинковты 13:1 есебiмен жеңдi. Аса ауыр салмақтағы Иван Дычко бұл жолы да өзiнiң мықты екенiн дәлелдедi. Елiмiзде өзiне тең келер қарсылас тапай жүрген И.Дычко алтын медаль үшiн бол­ған айқаста 1:0 есебiмен сириялық Сумар Госсоунды ұтты.
Күмiс медальға Iлияс Сүлейменов (48 келi), Айдар Әмiр­зақов (60 келi), Мерей Ақшалов (64 келi), Данабек Сужанов (75 келi) және Азамат Белгiбаев (81 келi) ие болды. Жартылай финалда өз қарсыластарына қарсылық көрсете алмаған Мардан Берiк­баев (48 келi), Нұрғазы Жүсiпов (51 келi), Данияр Төлегенов (54 келi), Ғани Жайлауов, Самат Бәшенов (60 келi), Әдiлет Егi­з­еков (64 келi), Рустам Сваев (69 келi), Әлiби Нұрматов, Дәурен Елеусiнов (75 келi), Алмат Се­рiмов, Марат Қиясов (81 келi), Данияр Үстембаев (91 келi), Руслан Мырсатаев, Досжан Оспанов (91 келiден жоғары) ҚР Пре­зидентi кубогының қола жүлде­герлерi атанды. Жарыс қорытындысы бойынша, Украина боксшылары 2 алтын медальға ие болса, Ресей мен Жапония және Куба боксшылары бiр-бiрден бас жүлдеге қол жет­кiздi.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар