1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №53 (15511) 6 шілде, сейсенбі 2010
"Жас Алаштың" спорт беті.
6 шілде 2010
«Жас Алаштың» бәйгесiне жолданған жорамалдар жөнiнде

Әлем бiрiншiлiгiнiң алдында “Жас Алаш” газетi ОАР-дағы футбол тойына байланысты бәйге ұйымдастырған-ды. Содан берi оқырмандарымыздан отыздан аса хат келiп түстi. Футбол десе iшкен асын жерге қоятын жанкүйерлердiң бiразының жорамалы өткен аптада жоққа шықты. Себебiн жанкүйерлердiң iшi сезiп отырған да шығар. Қоржынымызға келiп түскен 34 хаттың жартысынан астамында Бразилия мен Аргентинаның әлем чемпионы болатыны болжанған екен. Ширек финалда Бразилия мен Аргентинаның жолы болмағанын бәрiңiз бiлесiздер. Бiз ендi төменде өзге оқырмандарымыздың хаттарын екшеп, бәйгеден кiмнiң үмiтi бар екенiн жариялап қоюды жөн санадық. Дәл қазiр бiздiң қолда жорамалы дәл келуi мүмкiн деген бiр-ақ хат бар. Ол – Сарқан қаласынан бiрiгiп жолдаған Марат Жұмәсiлұлы Жәкенов (Сарқан қаласы, Савина көшесi, 15 үй 2 пәтер) пен Күләш Аманғалиқызы Көжесбаеваның (Сарқан қаласы, Байзақов көшесi, 13 үй) жорамалы. 18 маусым күнi жолданған хатта “Германия Голландия футболшыларын жеңiп, чемпион атанады” деп жазылған. Бұл жорамалдың қаншалықты дұрыс болатыны алдағы ойындарда анықталады. Ал ендi Талғар қаласының тұрғыны 4-сынып оқушысы Мағжан Добай әлем чемпионы Германия болатынына сенiмдi. Алайда, Мағжан Германия финалда АҚШ құрамасын ұтады дейдi. Мағжанның анасы Жiбек Доскеева да әлем бiрiншiлiгiне байланысты өз болжамын жiберiптi. Мағжанның анасының айтуынша, Германия Аргентинаны ұтып, чемпион атанады. Бұл жерде Мағжанның да, Жiбек Доскееваның да жорамалдарының жүз пайыз дұрыс келмейтiнi өзiнен-өзi белгiлi болып тұр. 

Алматы облысы, Райымбек ауданы, Кеген ауылының тұрғыны Нұрболат Бекеев Голландия футболшыларының топ жаратынын болжайды. Алайда, Нұрболаттың жорамалы бойынша, Голландия финалда Англия құрамасын жеңедi. 
Алматы қаласының тұрғындары Нартай Әбiлқасымов пен Қалдыбеков Алмас әлем чемпионы болады деп Германия құрамасын атапты. Бiрақ, екi оқырманымыз да “Германия Бразилияны ұтады” деген. Үш оқырманымыз Испания футболшыларының жеңiсiне сенедi. Атап айтсақ: Жандiлдә Бекжiгiтов, Ғизатулла Жеткiзгенұлы және Әбiш Қалдыбеков. Бұлардың соңғы екеуi финалда Испания Бразилияны ұтады десе, Жандiлдә Бекжiгiтов испан футболшылары ағылшындарды жеңедi дейдi. Ағылшын футболшыларын финалдық ойыннан көрген Арман Жусабай сынды оқырманымыз да бар. А.Жусабай Англия құрамасы Германия құрамасынан пенальтиден ұтылады деп болжаған.
 
Төлеубек ӘДIЛБЕКҰЛЫ.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар