1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №50 (15508) 24 маусым, бейсенбі 2010
"Жас Алаштың" спорт беті.
24 маусым 2010
Қазақстандық командалардың қарсыластары белгiлi болды

Дүйсенбi күнi УЕФА-ның штаб-пәтерiнде футболдан 2010/2011 жылғы Чемпиондар лигасы мен Еуропа кубогының жеребе тарту рәсiмi өттi. Биылғы еурокубоктық додаға елiмiздiң атынан “Ақтөбе”, “Тобыл”, “Шахтер” және “Атырау” командалары сынға түседi. Қазақстанның төрт дүркiн чемпио­ны “Ақтөбе” Чемпиондар лигасындағы ойынын екiншi кезеңнен бастайды. Владимир Муханов баптайтын ақтөбелiктер жеребе қорытындысы бойынша Грузияның “Олимпи” командасына қарсылас атанды.

“Олимпи” клубы Қазақстанға, әсiресе астаналық жанкүйерлерге жақсы таныс. Чемпиондар лигасының 2007/08 жылы маусымында елiмiздiң “Астана” командасы “Олимпи” футболшыларын екi ойынның нәтижесi бойынша (0:0, 3:0) басым түсiп, Қазақстан клубтары арасында тұңғыш рет Чемпиондар лигасының екiншi айналымына өткен болатын.     
Еуропа лигасында биыл елiмiздiң үш бiрдей командасы өнер көрсетедi. Қазақстан кубогының иесi “Атырау” футболшылары Еуропа лигасының екiншi iрiктеу ойындарында қосылатындықтан жеребе тарту рәсiмiне қатыстырылған жоқ. Алайда, “Аты­рау­дың” болашақ қарсыласы Словакияның “Нитра” немесе Вен­грия­ның “Дьор” командаларының бiрi болуы әбден мүмкiн. Өйткенi, жеребе тарту рәсiмiнiң қорытындысы бойынша “Нитра” мен “Дьор” клбутарының арасындағы жеңiмпаз “Атыраумен” жұп құрап, үшiншi iрiктеу ойындарының жолдамасын сарапқа салады. Ел бiрiншiлiгiнiң бас жүлдесiнен бiрден-бiр үмiткер Қостанайдың “Тобылының” биылғы жоспарында еурокубоктық додаға қатысу туралы ой да жоқ едi. Бiрақ, Астананың “Локомотивi” еурокубоктық сындарға жiберiлмеген­дiктен оның орнын қостанайлық футболшылар басқан-ды. Равиль Сабитов баптайтын “Тобыл” командасына еуропа лигасының жеребесi жеңiл түскен сыңайлы. Алғашқы iрiктеу ойы­нында “Тобыл” Босния және Герцеговинаның “Зриньски” командасымен кездеседi. “Зриньски” 1905 жылы құрылған команда болса да, еуропалық сындарда әлi ысылып үлгермеген ұжымдардың бiрi. Егер алғашқы айналымда “Тобылдың” асығы алшысынан түсiп жатса, онда қостанайлық екiншi айналымда Сан-Мариноның “Тре Пенне” командасымен жұптасып, үшiншi iрiктеу ойындарына қатысатын командаларды анықтайды. Қазақстандық командалардың iшiнде ең күштi командаға қарсылас атанған Қарағандының “Шахтерi” болды. Польшаның “Рух” клубына тап келген қарағандылықтардың қарсыласы басқа қарсыластарымызға қарағанда сәл де болса күштiрек. Тарихы тереңде жатқан “Рух” клубы – iшкi бiрiншiлiктерiнде он төрт рет топ жар­ған команда. Егер қарағандылықтар “Рух” клубына төтеп берiп жатса, онда “кеншiлер” Мальтаның “Валетта” клубына қарсылас атанады.
 
Чемпиондар лигасының екiншi кезеңiнiң ойындары 13/14 және 20/21 шiлде күнi өтедi.
“Тобыл” мен “Шахтер” өз қарсыластарын 1 шiлде күнi қабылдайды. Қарымта кездесу 8 шiлде күнi өтедi.
 
Қазақстан премьер-лигасы.
 16-тур.
“Локомотив” (Астана) – “Шахтер” (Қарағанды) – 4:0 (Киров, 37-минутта, Спанов, 54-минутта, Бугаев, 68-минутта, Божиновский, 90-минутта);
“Ордабасы” (Шымкент) – “Ақтөбе” (Ақтөбе) – 0:2 (Дарабаев, 49-минутта, Эссомба, 77-минутта);
“Ақжайық” (Орал) – “Тобыл” (Қостанай) – 0:2 (Бақаев, 15-минутта, пенальтиден, Сүймағамбетов, 70-минутта);
“Оқжетпес” (Көкшетау) – “Тараз” (Тараз) – 2:2 (Солошенко, 15-минутта, Дяк, 85-минутта, пенальтиден – Кенбаев, 43-минутта, Миласавлевич, 78-минутта, пенальтиден);
“Қайрат” (Алматы) – “Атырау” (Атырау) – 1:0 (Джурджевич, 43-минутта);
“Жетiсу” (Талдықорған) – “Ертiс” (Павлодар) – 0:0;
 
17-тур
“Шахтер” (Қарағанды) – “Қайрат” (Алматы) – 1:0 (Финонченко, 90-минутта);
“Тобыл” (Қостанай) – “Ордабасы” (Шымкент) – 2:0 (Жұмасқалиев, 14, 45-минуттарда);
“Ақтөбе” (Ақтөбе) – “Локомотив” (Астана) – 1:2 (Құрмашев, 31-минутта – Бугаев, 65-минутта, пенальтиден, Остапенко, 90-минутта);
“Ақжайық” (Орал) – “Жетiсу” (Талды­қор­ған) – 0:2 (Щеткин, 15, 88-минуттарда);
“Атырау” (Атырау) – “Оқжетпес” (Көкшетау) – 1:0 (Фрунза, 24-минутта);
“Тараз” (Тараз) – “Ертiс” (Павлодар) – 1:1 (Мальцев, 43-минутта Недашковский, 27-минутта).

Төлеубек Әдiлбекұлы.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар