1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №50 (15508) 24 маусым, бейсенбі 2010
"Жас Алаштың" спорт беті.
24 маусым 2010
Оңтүстiк Корея футболшылары өз тобынан озып шықты

1/8 финал Аргентина – Мексика. Уругвай – Оңтүстiк Корея

Футболдан Оңтүстiк Африка Республикасында өтiп жатқан әлем бiрiншiлiгiнiң топтық кездесулерiнiң аяқталуына санаулы ойындар ғана қалды. Сейсенбi күнi әлем бiрiншiлiгiнiң 1/8 финалына төрт команда жолдама алса, кеше кешкiсiн бұлардың қатарына тағы да төрт команда қосылды.
 
А тобындағы жағдайды газетiмiздiң өткен санында саралап көргенбiз. Осыдан төрт жыл бұрынғы әлем бiрiншiлiгiнде күмiс медальға қол жеткiзген француздардың мүмкiндiгiнiң шектеулi екенiн де сол кезде жаздық та. Сейсенбi күнi Оңтүстiк Африка Республикасының футболшыларымен жасыл алаңға шыққан француз футболшылары алаң иелерiнен 1:2 есебiмен ұтылып, топ соңында қалып қойды. Француз футболшыларының шеберлiк деңгейi де, бабы да, iрiктеуi де өзгелерден артық болмаса, еш кем емес. “Онда неге жеңiлдi?” деген сұрақ туады ерiксiз. Бiздiңше, француздық ойыншыларға отаншылдық рух, ұлттық намыс, патриоттық жiгер жетпегендей.
Биылғы доданы тұңғыш рет өз жерiнде қабылдап жат­қан африкалық футболшылар еуропалықтардан айласын асырса да, келесi айналымға шыға алмады. Екi ойында да жеңiлiс таппаған Мексика мен Уругвай құрамалары топтық кездесудiң соңғы турында өзара кез­десiп, ойын 1:0 есебiмен Уругвай футболшыларының жеңiсiмен аяқталды. Ендi Уругвай футболшылары 1/8 финалында Оңтүстiк Корея құрамасымен кездеседi. В тобында Аргентина футболшыларынан ғана жеңiлген оңтүстiккореялық футболшылар топтағы соңғы ойынын Нигерия құрамасымен өткiзiп, 2:2 есебiмен тең түстi. 2004 жылғы Еуропа чемпионы Грекия футболшылары Аргентина құрамасын ұтқан жағдайда топтан озып шығатын мүмкiндiктерi бар едi. Алайда, Диего Марадона жаттықтыратын Аргентина құрамасы гректерге ондай мүмкiндiк бермедi. Бұл ойында аргентиналық футболшылар 2:0 есебiмен жеңiске жетiп, өз тобында бiрiншi орынға ие болды. Ендi аргентиналықтар 1/8 финалында А тобында екiн­шi орын алған Мексика құрамасымен бiрге ширек финалдық жолдаманы са­рап­қа салады. Жалпы, Мексика мен Аргентина футболшылары бұған дейiн өзара 25 кездесу өткiзген. Соның 11-iнде Аргентина құрамасы жеңiске жетсе, 4 ойында Мексиканың бағы жанды. 10 ойын тең аяқталған.
 
***
ОАР – Франция кездесуiнiң 25-минутында дөрекiлiгiмен көзге түскен француз футболшысы Йоанн Гуркюфф алаңнан қуылды. Й.Гуркюфф – осы әлем бiрiншiлiгiндегi алаңнан қуылған он бiрiншi футболшы. Бұған дейiн әлемнiң ең үздiк ойын­шыларының бiрi бразилиялық Кака Кот Д Ивуармен болған ойында, немiс Мирослав Клозе Сербиямен болған ойында алаңнан қуылған-ды. Жалпы биылғы әлем бiрiншiлiгi төрешiлердiң қателiк жiберуiмен және футболшылардың жиi-жиi дөрекiлiк көрсетуiмен ерекшеленуде. Топтық ойындар аяқталмай жатып, он бiр футболшыны алаңнан қуған төрешiлердiң жарыс соңына дейiн әлi қаншама футболшыға алаң жиегiн нұсқайтыны бiр Құдайға ғана аян. Осыдан санаулы күн бұрын Словения мен АҚШ арасындағы ойынға төрелiк жасаған малилiк Коман Кулибалидi ФИФА басшылары елiне қайтарды. Себеп: АҚШ пен Словения арасындағы ойынның 85-минутында американдық Морис Эдудың соққан добын төрешi “ойын тәртiбi бұзылды” деп есепке алмаған-ды. Артынан ойынды асықпай қайта қарап шыққан тәртiп комиссиясы Мали төрешiсiнiң қателескенiн дәлелдеп шықты.
 
 ***
Биылғы әлем бiрiншiлiгiнiң ең мерген шабуылшысы кiм болуы мүмкiн? Әзiрге бұл сұрақтың жауабын дөп басып айту қиын. Дәл қазiр мергендер көшiн 3 доп соққан аргентиналық Гонсало Игуаин бастап келедi. Нигериямен болған ойында өзiне берiлген бiрнеше мүмкiндiктi мүлт жiберген аргентиналық шабуылшы одан кейiн Оңтүстiк Кореямен болған ойында мергендiк танытып, әлем бiрiншiлiгiндегi алғашқы хэт-триктiң авторы атанды. Грекиямен болған топтағы соңғы ойында Аргентинаның бас бапкерi Диего Марадона Г.Игуаинды алаңға жiбермедi. Ал өткен дүйсенбi күнi Гондурас қақпасына қос доп соққан испан футболшысы Давид Вилья пенальти соға алмады. Егер он бiр метрлiк айып добын Д.Вилья дәл орындағанда Игуаинмен бiр қатарда тұруы әбден мүмкiн едi. Әзiрге әлем бiрiншiлiгi кезiнде екi доптан соққан футболшылардың тiзiмiнде Ли Джун Су (Оңтүстiк Корея), Луис Фабиану (Бразилия), Кардозу Тиа­гу (Португалия), Калу Уче (Нигерия), Диего Форлан (Уругвай), Блумер Элану (Бразилия), Асамоа Гьян (Гана) бар. Бұлардың iшiнен нигериялық Калу Учеден басқа футболшылардың доп санын арттыруға алдағы уақытта мүмкiндiктерi бар.
 
 ***
Мексика құрамасының шаб­уылшысы Хавьер Эрнандес өткен аптада әлем бiрiншiлiгiн­дегi 2100 голдың авторы атанды. Франция құрамасымен өткен ойынның 64-минутында есептi 2:0-ге жеткiзген Х.Эрнандес өз атын осылайша әлем бiрiншiлiгiнiң тарихына енгiздi.
Жалпы әлем бiрiншiлiгiнiң тарихына көз салар болсақ, ең алғашқы голды француз футболшысы Люсьен Лоран соққан болатын. Бiр қызығы, осыдан сексен жыл бұрын, дәлiрек айтсақ, 1930 жылы Уругвайда өткен әлем бiрiншiлiгiнде Франция құрамасының ойыншысы Л.Лоран әлем бiрiншiлiгiнiң тұңғыш голын Мексика құрамасының қақпасына соғыпты. Ал әлем бiрiншiлiгiндегi 1000-ыншы гол 1978 жылы 11 маусымда голландиялық Роб Ренсенбринг­тiң атына жазылды. Голландиялық футболшы Шотландиямен болған ойынның 35-минутында пенальтиден мергендiк танытты. Осыдан төрт жыл бұрын Германияда өткен доп додасында швециялық Маркус Альбек Англиямен болған топтық ойында әлем бiрiншiлiгiндегi 2000-ыншы голды соқты.
Кеше кешкiсiн С және Д тобындағы соңғы шешушi ойындар ойналды. Англия құрамасы Словения құрамасымен кездессе, АҚШ құрамасы Алжирмен алаңға шықты. Д тобында көш бастап тұрған Гана футболшылары Германия құрамасымен, Австралия Сербия футболшыларымен ойнады.
 
Төлеубек Әдiлбекұлы
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар