1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №49 (15507) 22 маусым, сейсенбі 2010
"Жас Алаштың" спорт беті.
22 маусым 2010
Алыптар алғашқы асуды алды

Аргентина, Голландия және Бразилия құрамалары келесi айналымға шықты

Футболдан Оңтүстiк Африка Республикасында өтiп жатқан әлем бiрiншiлiгi нағыз қызған шағына жеттi. Кеше кешкiсiн әлемдiк додаға қатысып жатқан командалар екiншi тур ойындарын қорытындылады. Әзiрге топтық бәсекеде қатарынан екi мәрте жеңiске жеткен Аргентина, Голландия, Бразилия құрамалары 1/8 финалына жолдама алды. Сондай-ақ, Уругвай, Мексика және Парагвай құрамалары да бiр аяғымен келесi айналымға шығып тұр.
 
А тобы
Франция – Мексика – 0:2 (Эрнандес, 64-минутта, Бланко, 79-минутта, пенальтиден);
ОАР – Уругвай – 0:3 (Форлан, 24, 80-минутта, пенальтиден, А.Перейра, 90+4-минутта).
А тобында өнер көрсетiп жат­қан командалардың арасынан Уругвай мен Мексика футболшыларының бiр аяғымен плей-офф ойындарына шығып тұр деуiмiздiң де сыры бар. Екiншi турда ОАР футболшыларын өз жанкүйер­лерiнiң алдында 3:0 есебiмен ойсырата ұтқан Уругвай құрамасы төрт ұпаймен топ бастап келедi. Екiншi турдың қорытындысы бойынша, Уругвай құрамасымен бiрдей ұпай жинаған Мексика футболшылары А тобының екiншi сатысынан орын алды. Мексикалықтар екiншi ойында Франция құрамасымен кездесiп 2:0 есебiмен басым түстi. Дәл қазiр Франция құрамасының жағдайы өте мүшкiл. Екi ойында бiр ұпайға ғана ие болған француздар ендi келесi айналымға шығу үшiн ОАР футболшыларын қалайда iрi есеппен ұтуы тиiс. Алайда, Раймон Доменек баптайтын француздарға алаң иелерiн iрi есеппен ұту да жеткiлiксiз сияқты. Бұл жерде француз футболшылары ОАР футболшыларын iрi есеппен ұтқан жағдайдың өзiнде Уругвай футболшылары Мексикадан ойсырай ұтылуы қажет. Бұл, әрине, айтуға оңай. Егер Мексика мен Уругвай футболшыларының арасындағы ойын тең аяқталып жатса ше? Онда, француздар осыдан сегiз жыл бұрынғы әлем бiрiншiлiгiндегi “жетiстiгiн” (2002 жылғы әлем бiрiншiлiгiнде Франция құрамасы өз тобынан шыға алмай қалған-ды) қайталап, ауылдарына қайтады. Айтпақшы, осыдан бiрнеше күн бұрын Мексикадан 0:2 есебiмен ұтылып қалған Франция құрамасы қазiргi таңда дау-жанжалдан көз ашпай тұр. Мексика футболшыларынан кейiнгi жеңiлiстен соң ұлттық құраманың шабуылшысы Николя Анелька командадан аластатылды. Шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, француз шабуылшысы Мексика – Франция құрамалары арасындағы ойынның үзiлiсiнде команданың бас бапкерi Раймон Доменекпен сөзге келiп қалған. Франция футбол қауымдастығының президентi Жан-Пьер Эскалетт ертесiнде арнайы мәлiмдеме жасап, Николя Анелкаға бас бапкерден кешiрiм талап еткен. Алайда, Анелька Р.Доменектен кешiрiм сұрамаған. Бұған ашуланған Францияның футбол басшылары Николя Анельканы құрамадан шеттету туралы шешiм шығарды. Бұл аз болғандай, жексенбi күнi команданың капитаны Патрис Эвра мен команданың жаттықтырушысы Роберт Дюверннiң арасында да кикiлжiң туындады. Николя Анельканың командадан кетуiне қарсы болған француз футболшылары сол күнгi жоспарланған жаттығуларын өткiзуден бас тартқан. Не десек те, француздар дәл қазiргi уақытта бiрiмен-бiрi қырықпышақ болуда. Осындай көңiл-күйде жүрген футболшылардың келесi айналымға шығуы да екiталай. Бүгiн Франция ОАР футболшыларымен жасыл алаңға шығады. Бұл ойында ұлттық құраманың бас бапкерi Раймон Доменек өзiнiң құрамадағы соңғы ойынын өткiзбек. Бұдан былай Франция құрама командасын 1998 жылғы әлем чемпионы Лоран Блан жаттықтырады.
 
Турнир кестесi: 1. Уругвай (2 ойыннан) – 4 ұпай; 2. Мексика (2) – 4; 3. Франция (2) – 1; 4. ОАР (2) – 1.
22 маусым. Мексика – Уругвай; ОАР – Франция.
 
В тобы
Аргентина – Оңтүстiк Корея – 4:1 (Игуаин, 33, 77, 80-минуттарда – Пак Чу Юн, 17-минутта, өз қақпасына, Ли Чуе Ен, 45-минутта);
Грекия – Нигерия – 2:1 (Салпингидис, 44-минутта, Торосидис, 71-минутта – Уче, 16-минутта);
 
Диего Марадона жаттықтыратын Аргентина құрамасы өткен аптада Оңтүстiк Корея футболшыларымен ойнап, 4:1 есебiмен ойсырата жеңдi. Бұл ойында аргентиналық шабуылшы Гонсало Игуаин әлем бiрiншiлiгiндегi алғашқы хэт-триктiң авторы атанды. Екi ойыннан алты ұпай жинаған аргентиналықтар плей-офф ойындарына жолдама алды.
 
Турнир кестесi: 1. Аргентина (2) – 6; 2. Оңтүстiк Корея (2) – 3; 3. Грекия (2) – 3; 4. Нигерия (2) – 0.
 22 маусым. Нигерия – Оңт.Корея; Грекия – Аргентина.
 
С тобы
Словения – АҚШ – 2:2 (Бирса, 13-минутта, Любиянкич, 42-минутта – Донован, 78-минутта, Брэдли, 82-минутта);
Англия – Алжир – 0:0.
 
Екi турдың қорытындысы бо­йынша көш бастаған Словения футболшылары келесi айналымға шыға алмай қалуы да ғажап емес. Бiрiншi турда Алжирдi ұтқан Словения футболшылары екiншi ойында АҚШ футбошыларымен алаңға шығып, 2:2 есебiмен тең түстi. Бұл ойында Словения құрамасы ойынның бiрiншi кезеңiнде 2:0 есебiмен жеңiп жатқан. Алайда аяқ асты мiнез танытқан АҚШ футболшылары екiншi кезеңде қос доп соғып, жеңiлiстен аман қалды.
Әлем бiрiншiлiгiнiң бас жүлдесiнен бiрден-бiр үмiткер Англия құрамасы қатарынан екiншi ойынды тең аяқтады. Алғашқы ойын­да АҚШ футболшыларымен ұпай бөлiскен ағылшындар келесi ойында Алжир футболшыларының тас қамал қорғанысын бұзып өте алмады. Екi турдың нәтижесi бо­йынша екi ұпайға қол жеткiзген ағылшындар ертең соңғы топтық ойынын Словениямен өтiзедi. Бұл ойында Фабио Капелло жаттықтыратын Англия құрамасына мiндеттi түрде жеңiс керек. Егер ғайыптан тайып ағылшындар тағы да тең ойнап жатса, онда Англия футболшылары өз тобынан шыға алмауы да мүмкiн. Өйткенi, соңғы турда АҚШ құрамасы Алжирмен ойнайды. Бұл ойында американдықтар мiндеттi түрде жеңiске жетудi ойлайды.
Турнир кестесi: 1. Словения (2) – 4; 2. Англия (2) – 2; 3. АҚШ (2) – 2; 4. Алжир (2) – 1.

23 маусым. Словения – Англия; АҚШ – Алжир.
 
Д тобы
Германия – Сербия – 0:1 (Йованович, 38-минутта);
Гана – Австралия – 1:1 (Гьян, 25-минутта, пенальтиден, Хопман, 11-минутта).
Әлем бiрiншiлiгiнiң Д тобында өнер көрсетiп жатқан командалардың жағдайы С тобындағы командалармен өте ұқсас. Бұл топта Гана футболшылары екi турдың қорытындысы бойынша топ бастап келедi. Алайда, соңғы турда Германия футболшыларымен кездесетiн Африканың “қара маржандары” топтан шыға алмауы да мүмкiн. Екiншi турда Сербия футболшыларынан 0:1 есебiмен ұтылып қалған немiс футболшылары келесi айналымға шығу жоспарын кейiнге қалдырды. “Немiс мәшинесiн” тоқтатқан Сербия құрамасы соңғы турда Австралия құрамасын жеңсе, келесi айналымға жолдама алады. Германия футболшылары үшiншi турда мiндеттi түрде Гана футболшыларын ұтуы керек. Тiптi тең ойынның өзi Германияны келесi айналымның жолдамасынан айыруы мүмкiн.
Турнир кестесi: 1. Гана (2) – 4; 2. Сербия (2) – 3; 3. Германия (3) – 3; 4. Австралия (2) – 1.
 
23 маусым. Гана – Германия; Австралия – Сербия.
 
Е тобы
Голландия – Жапония – 1:0 (Снейдер, 53-минутта);
Камерун – Дания – 1:2 (Это О, 10-минутта – Бентнер, 33-минутта, Роммедаль, 61-минутта);
Әлем бiрiншiлiгiнiң плей-офф ойындарына бiрiншi болып жолдама алған командалардың бiрi – Голландия футболшылары. Қатарынан екi ойында жеңiске жеткен голландиялық футболшылар 24 шiлде күнi Камерун футболшыларымен алаңға шықса, бiр-бiр ойында жеңiске жеткен Дания мен Жапония өзара плей-офф ойындарына берiлетiн жолдаманы сарапқа салады. Камерун футболшылары екiншi турда Дания құрамасынан 1:2 есебiмен ұтылып, келесi айналымға шығу мүмкiндiгiнен бiржо­лата айырылды.
 
Турнир кестесi: 1. Голландия (2) – 6; 2. Жапония (2) – 3; 3. Дания (2) – 3; 4. Камерун (2) – 0.
 24 маусым.
Камерун – Голландия; Дания – Жапония.
 
F тобы
Парагвай – Словакия – 2:0 (Вера, 27-минутта, Риверос, 86-минутта);
Италия – Жаңа Зеландия – 1:1 (Ш.Смелц, 7-минутта – Яквинта, 29-минутта).
Екiншi турда Словакия футболшыларын 2:0 есебiмен ұтқан Парагвай құрамасы қалай айтсаңыз да, келесi айналымға шығып тұр. Кем дегенде өз тобынан екiншi орынмен шығып тұрған парагвайлықтар соңғы ойында Жаңа Зеландия футболшыларының күшiн байқап көрмек. F тобының ең әлсiз командасы саналған Жаңа Зеландия футболшылары әлемдi таңғалдыруын әлi жалғастырып келедi. Жексенбi күнi әлем чемпионы Италия құрамасымен ұпай бөлiс­кен жаңазеландиялықтар турнир кестесiнiң үшiншi сатысында тұр. Дәл қазiргi таңда әлем чемпионы Италия құрамасының шабуыл шебi ақсап тұр. Жаңа Зеландия құрамасымен болған ойында әупiрiмдеп жүрiп есептi теңестiрген итальяндықтар соңғы турда Словакиямен алаңға шығады. 
 
Турнир кестесi: 1. Парагвай (2) – 4; 2. Италия (2) – 2; 3. Жаңа Зеландия (2) – 2; 4. Словакия (2) – 1.
 
24 маусым. Словакия – Италия; Жаңа Зеландия – Парагвай.
 
G тобы
Бразилия – Кот Д Ивуар – 3:1 (Фабиану, 25, 50-минуттарда, Элану, 62-минутта – Дрогба, 79-минутта);
Португалия – КХДР – 7:0 (Р.Мейрелеш, 28-минутта, Симау, 53-минутта, Угу Алмейда, 56-минутта, Тиагу, 60, 89-минуттарда, Лиедсон, 80-минутта, Роналду, 87-минутта);
Әлемнiң бес дүркiн чемпионы Бразилия құрамасы топтағы екiншi ойынын Африканың үздiгi Кот Д Ивуар футболшыларымен өткiзiп, 3:1 есебiмен басым түстi де, өзгелерден бiрiншi болып, 1/8 финалының жолдамасына ие болды. Кеше кешкiсiн КХДР футболшыларымен алаңға шыққан Португалия футболшылары қарсыластарын 7:0 есебiмен ойсырата ұтты.
 
Турнир кестесi: Бразилия (2) – 6; 2. Португалия (2) - 4; 3. Кот Д Ивуар (2) - 1; 4. КХДР (2) - 0.
 
25 маусым. Кот Д Ивуар – КХДР; Бразилия – Португалия.
 
Н тобы
Испания – Щвейцария – 0:1 (Фернандеш, 52-минутта);
Чили – Гондурас – 1:0 (Босежур, 34-минутта).
 
2008 жылғы Еуропа бiрiн­шiлiгiнiң жеңiмпазы Испания футболшылары өз тобындағы ал­ғашқы ойынын Швейцария құрамасымен өткiзiп, 0:1 есебiмен ұтылып қалды. Бұл әлем бiрiн­шiлiгiндегi алғашқы сенсациялық ойындардың бiрiнен саналды. Тоқсан минут бойы тыным таппай шабуылдаған испан футболшылары қанша тырысқандарымен Швейцария қақпасына доп соға алмады. Кездесудiң 52-минутында швейцариялық Желсон Фернан­дештiң жанкештiлiгiмен соғылған доп ойын тағдырын шештi. Бiрiншi турдың қорытындысы бойынша, үш ұпайдан еншiлеген Чили мен Швейцария футболшылары кеше кешкiсiн өзара кездестi. Испания футболшылары Гондурас құрамасымен ойнады. Гондурас футболшылары алғашқы ойында Чили футболшыларынан 0:1 есебiмен ұтылды.
 
25 маусым. Швейцария – Гондурас; Испания – Чили.
 
Төлеубек ӘДIЛБЕКҰЛЫ
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар