1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №49 (15507) 22 маусым, сейсенбі 2010
"Жас Алаштың" спорт беті.
22 маусым 2010
“Альянс Банкi” АҚ – әлем бiрiншiлiгi көрсетiлiмiнiң ресми демеушiсi

Дүниежүзiлiк футбол қауымдастығының арнайы өкiлi, сауда бөлiмiнiң басшысы Алекс Джобстiң мәлiм­деуiнше, футболдан Оңтүстiк Африка Республикасында өтiп жатқан әлем бiрiншiлiгi әлемнiң 400 телеарнасынан тiкелей көрсетiлуде. Шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында Алекс Джобст былай дейдi: «2002 жылы Оңтүстiк Корея мен Жапонияда өткен әлем бiрiншiлiгi дүниежүзiнiң 232 телеарнасы көрсеткен. 2006 жылы бұл көрсеткiш 376-ға жеттi. Биылғы ОАР-да өтiп жатқан дүниежүзiлiк доп додасын әлемнiң 400 телеарнасы көрсетiп жатыр».

Осы орайда айта кететiн бiр жайт, дәл қазiр елiмiздегi “Еларна” мен “Хабар” телеарналары әлем бiрiншiлiгiнiң ойындарын күнi-түнi көрестуде. Бұл тұрғыда әлем бiрiншiлiгiнiң ойындарын тiкелей көрсетуге көп күш жұмсаған елiмiздегi Альянс Банкiнiң орны ерекше. 64 ойынның 60 ойынын тiкелей (төрт ойын жазбаша нұсқамен берiледi) көрсетуге күш-жiгерiн аямаған “Альянс Банкi” АҚ – 2010 жылғы әлем чемпионаты көрсетiлiмiнiң ресми демеушiсi болып табылады.  
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар