1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №90 (16276)   9 қараша, бейсенбі 2017
"Жас Алаштың" спорт беті.
9 қараша 2017
Мәдинаның биігі

Вьетнамның Хошимин қаласында бокстан әйелдер арасындағы Азия чемпионаты мәреге жетті. Отандастарымыздың арасынан Мәдина Нұршаеваның (64 келі) жұлдызы жанды. Ол финалда қытай қызы Доу Даннан басым түсті. Сөйтіп, Мәдина өзінің әзірше ең үлкен табысына қол жеткізді.

Нұршаеваның жеңіс жолы мынадай:
Ширек финал. Нгуен Тхи Туйен (Вьетнам) – 5:0
Жартылай финал. Лаопим Пинвилай (Таиланд) – 5:0
Финал. Доу Данн (Қытай) – 3:2
Өкінішке қарай, Мәдинаның алтыны жалғыз бас жүлде болды. 69 келіде сынға түскен Валентина Хальзова финалда Гу Хоңға есе жіберіп, күміс жүлдеге ие болды.
Валентина Азия чемпионатында екі қарсыласын жеңді:
Ширек финал. Супапорн Срисонди (Таиланд) – 3:2
Жартылай финал. Боргоайн Ловлина (Үндістан) – 5:0
Төрт боксшымыз қола медальға қол жеткізді. Олар – Назым Қызайбай (51 келі), Дариға Шәкімова (75 келі), Мөлдір Базарбаева (81 келі), Ләззат Күнгейбаева (ауыр салмақ).
Қазақстандық боксшы қыздардың Азия чемпионатындағы нәтижелері:
Алуа Балқыбекова (48 келі)
Бірінші айналым. Хе Линюн (Қытай) – 4:1
Ширек финал. Ким Хяң Ми (КХДР) – 0:5
Назым Қызайбай (51 келі) – қола жүлдегер
Бірінші айналым. Чаң Ю Ян (Қытай) – 4:1
Ширек финал. Тұрсынай Рақымова (Өзбекстан) – 5:0)
Жартылай финал. Пең Чол Ми (КХДР) – 2:3
Назым Ищанова (57 келі)
Бірінші айналым. Нұр Сабрин Бинте Мохд (Сингапур) – 5:0
Ширек финал. Сония Латер (Үндістан) – 2:3
Дариға Шәкімова (75 келі) – қола жүлдегер
Бірінші айналым. Жаң Юн Хуи (КХДР) – 3:2
Ширек финал. Луу Дием Куинх (Вьетнам) – 5:0
Жартылай финал. Ли Киан (Қытай) – 0:5.
Мөлдір Базарбаева (81 келі) – қола жүлдегер
Жартылай финал. Яң Ксиаоли (Қытай) – 1:4
Ләззат Күнгейбаева (аса ауыр салмақ) – қола жүлдегер
Жартылай финал. Ни Тран (Вьетнам) – 2:3

ВУ КЕТТІ, КЛИЧКО НЕ ІСТЕЙДІ?
Халықаралық әуесқой бокс федерациясының (АИБА) президенті Чин Куо Ву жақында қызметінен уақытша шеттетілді. 2018 жылдың 18 қаңтарында Дубайда (БАӘ) АИБА-ның кезектен тыс конгресі өтуге тиіс. Міне, осы жиында Вуға сенімсіздік білдіріліп, ұйымның 80-нен астам мүшесі қол қоюы мүмкін. Оған тағылып отырған басты кінә – федерация қаржысын талан-таражға салуы. Шындығында, Ву мырзаның «тамағынан өтіп кеткен» қаржының мөлшері тым үлкен көрінеді.
Чин Куо Ву АИБА президенті болып 2006 жылы сайланды. Халықаралық қауымдастық пәкістандық Әнуар Чаудри басқарған кезде АИБА-ның жемқор ұйымға айналғанынан шаршап еді. Ву кедергінің бәрін серпіп тастап, әуесқой боксты жаңа кеңістікке бастайтындай белсенді. Шынында да, оның әуелгі қадамдары жаман болған жоқ. Вудың кезінде олимпиялық ойындарда бұған дейін көзге көп түспеген Доминикан Республикасы, Моңғолия, Жапония, Бразилия сияқты елдердің боксшылары да топ жарды. Ву Бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB), APB (AIBA Pro boxing) сияқты жартылай кәсіпқойлар жарысын өмірге әкелді. Кәсіпқойлар арасында 15 кездесу өткізбеген боксшылардың олимпиадаға қатысуына жол ашты, 32 жылдан кейін боксшылардың баскиімсіз жұдырықтасуына мүмкіндік берді.
Ву 2010 жылы Алматыдағы АИБА конгресінде ұйымның президенті болып қайта сайланды. Дегенмен соңғы кездері федерация ішінде бүлік басталғаны айқын еді. Соңғы жылдардағы олимпиялық ойындарда да, құрлықтық біріншіліктерде де Вудың «батасын алған» елдің өкілдері жарқырап көзге түсе бастады. Алысқа бармай-ақ қояйық, іргеміздегі өзбек боксшылары Рио олимпиадасында – 3, биыл Ташкентте өткен Азия чемпионатында 9 алтын медаль жеңіп алды. Бұрын-соңды өзбектер ондай табысқа жетіп көрген емес. Осы табыстың сыртында Вудың қолтаңбасы жатыр дейтіндер аз емес.
Шілде айында Ресей астанасы Мәскеу қаласында АИБА атқару комитетінің жиыны өтіп, Вудың өз еркімен отставкаға кетуі қажет екені күн тәртібіне қойылды. Бірақ 70 жастағы маман жылы орнын суытудан бас тартты. Оның жақтастары тіпті Швейцария сотына арызданды. Бірақ сот та Вуды жақтаған жоқ.
Дегенмен кетерінде Ву да тұяғын бір серпіп қалуды көздеген секілді. Ол 10 қазан күні даңқты боксшы, олимпиада чемпионы, аса ауыр салмақта кәсіпқойлар арасында бірнеше нұсқа бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы Владимир Кличконы (Украина) АИБА вице-президенті етіп тағайындамақ болған. Одан кейін Кличко Украина әуесқой бокс қауымдастығының басшысы сайлауына қатысып, одан ары АИБА атқару комитетіне мүше болуға тиіс екен. Мұндай жағдайда Ву орнынан кетсе, АИБА оның орнына Кличконы қоюды да жоспарлап қойған. Бірақ Чин Куо Ву 9 қазан күні шеттетілді де, жоспары іске аспай қалды.
Оның қитұрқы жоспары жазылған құжаттарды АИБА президентінің міндетін атқарушы Франко Фальчинелли мен әріптестері тауып алыпты.
Ву кетсе, оның бастамалары жалғаса ма? Бұл да бас ауыртатын мәселе. Мысалы, WSB жобасы арқылы 2012 жылғы Лондон олимпиадасына – Қанат Әбутәліпов, 2016 жылғы Рио олимпиадасына Василий Левит жолдама ұтып алған еді. АРВ жобасының шапағатын көрген шеберлеріміз де аз емес. «Астана арландарының» Бүкіләлемдік бокс сериясында үш рет топ жарғаны да қазақ боксының тарихына алтын әріппен жазылған табыс.

Есалы ӨСТЕМІР

ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар