1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш 1 қаңтар, бейсенбі 1970
"Жас Алаштың" спорт беті.
24 қазан 2017
ER JANIBEK CUP-2017: Тұрсынбек Кәкішевтің 90 жылдығына футбол турнирін өткізді

Алматы қаласында «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен шағын футболдан өткен дәстүрлі ER JANIBEK CUP-2017 халықаралық турнирі мәресіне жетті. Биылғы турнир белгілі ғалым, филология ғылымының докторы, профессор Тұрсынбек Кәкішевтің 90 жылдық мерейтойына арналды. Ойынның бірінші күнгі қорытындысы бойынша, екінші кезеңге «Қазақ Стамбұл» (Түркия), «Әмір» (Ресей, Саратов қаласы), «Байөлке» (Моңғолия), «Дастан» (Иран), «NFC Kazakhstan Павлодар» (Қазақстан, Павлодар), «Бірлік-Керуен» (Алматы), «Ғафур» (Алматы), «Алатау» (Алматы) футбол командалары (ФК) жолдама алды. Екінші күнгі ойында жартылай финалда «NFC Kazakhstan Павлодар» мен «Әмір» ойнап, 4:1 есебімен «NFC Kazakhstan Павлодар» финалға шықты. Ал «Бірлік-Керуен» мен «Байөлке» арасында болған ойында 6:1 есебімен «Бірлік-Керуен» финалға өтті. Үшінші орынға таласта «Әмір» ФК «Байөлке» ФК-ны жеңіп, 300 мың теңгені қанжығасына байлады. Ал «Байөлке» ФК-на 200 мың теңге сыйақы берілді. Ал финалға шыққан «Бірлік-Керуен» мен «NFC Kazakhstan Павлодар» арасындағы ойын 3:2 есебімен аяқталып, ER JANIBEK CUP-2017 халықаралық турнирінің кубогына және 1 млн теңге қаржылай сыйақыға «Бірлік-Керуен» ФК ие болды. «NFC Kazakhstan Павлодар» командасына 500 мың теңге сыйақы берілді.

«Біз бұл турнирге көп дайындалдық. Былтыр да қатысып, есемізді жіберіп алған едік. Ал биыл ұттық. Бәрі жігіттердің күш-жігерінің арқасы.Турнир жоғары деңгейде өтті. Бұрын тек шетелден келген қазақтар арасында өтетін. Биыл жергілікті командалар қосылды. Осы себепті де турнир қызықты өтті», – деді жеңіске жеткен «Бірлік-Керуен» ФК-ның негізін құрушы Манат Мағаз. Бұдан бөлек, «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қорының тағайындауымен үздік ойын көрсеткен «NFC Kazakhstan Павлодар» ФК-ның ойыншысы Асқар Ажиков «Сұрмерген», «Қазақ Стамбұл» ФК-ның ойыншысы Жанер Ахмет Бозқұрт «Үздік шабуылшы», «Әмір» ФК-ның қақпашысы Руслан Маштаков «Үздік қақпашы» және «Намыс» ФК-ның (Ресей, Омбы) ойыншысы Нурахмет Нигманов «Үздік қорғаушы» номинацияларын жеңіп алды.
Сондай-ақ Тұрсынбек Кәкішев атындағы арнайы «Елдік рух» сыйлығы Франциядан келген «Parij Kazakh sport» ФК-ға және Қырғызстаннан келген «Алаш» ФК-ға берілді. Алыстан ат арытып келген қазақ командалары турнирдің жабылу салтанатында қоғамдық қорға және ұйымдастырушыларға рақмет айтты. «Бар өмірін қазақ әдебиетіне арнаған Тұрсынбек Кәкішевтің 90 жылдығына арналған «Ер Жәнібек» халықаралық қорының футбол турнирі құтты болсын! Бізді «шетелдегі қандастарымыз» деп бауырына басып жатыр. Сондықтан Франция қазақтары атынан осы шараны ұйымдастыруға атсалысқан барлық азаматтарға алғыс айтамыз», – деді Париждегі қазақ мәдени орталығының және «Parij Kazakh sport» ФК жетекшісі Тәбәрік Доолу. «Бүгінгі ойын өте әдемі болды. Ойын әділ, сәтті өтті. Турнирді ұйымдастырған ағаларымызға алғысымыз шексіз. Енді келесі жылы ұйымдастырылса, бұдан да жақсы ойын көрсетуге талпынамыз», – деді Моңғолиядан келіп, 4-орын алған «Байөлке» ФК-ның капитаны Ертіс Болатұлы.
Жеңімпаз командаға кубок тапсырған «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қорының президенті Жеңіс Түркия сөз соңында барлық қатысушы командаларға алғысын білдірді. «Бүгін «Ер Жәнібек» қорының халықаралық турнирі қазақтың ғалымы, абызы Тұрсынбек Кәкішев ағамыздың 90 жылдығына арналып отыр. Алыстан ат арытып, осындай турнирге қатысуға келгендеріңіз үшін шексіз рақмет айтамын. Келесі турнирде кездескенше», – деп түйіндеді Жеңіс Түркия.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар