1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №83 (16269) 17 қазан, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" спорт беті.
17 қазан 2017
Дычконың қарқыны күшті

Олимпиаданың екі дүркін қола жүлдегері Иван Дычко кәсіпқойлар арасындағы екінші кездесуінде де жеңіске жетті. Әуелгі жекпе-жегін ол Даллас қаласында америкалық Ейбур Райтпен өткізіп, бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңген еді.
Араға екі апта салып Иван шаршы алаңға қайта шықты. Бұл жолы ол Флорида штатының Тампа қаласында Родригес Кейджбен (АҚШ) қолғап түйістірді. Отандасымыз үшінші раундта қарсыласын естен тандырып, тамаша жеңіске жетті.
– Кездесу сырт қарағанда жеңіл көрінген болар, бірақ қарсыласым өте мықты болып шықты. Алғашқы раундтарда ол өзінің жойқын соққысын қалайда тигізгісі келіп жиі шабуылдады. Жақындап клинчке барып, оны шаршатуға тырысқаным да сондықтан. Екінші раундта Кейдждің шаршай бастағанын аңғардым да, шабуылды үдеттім. Үшінші раундта басын қалқалай бастағанда, қапталдан соққы жұмсап, айқын басымдықпен жеңдім, – дейді И.Дычко.
Иван келесі кездесуін 28 қазанда өткізуі мүмкін. Жыл соңына дейін бапкерлер құрамы отандасымыздың алты кездесуін жоспарлаған-ды. Екеуі өтті, енді төртеуі бар. Ал 28 қазанда АҚШ-та төрт бокс кеші өтеді. Тіпті сол күнге үлгермесе де, Дычко 4 қарашадағы жеті бокс кешінің бірінде өнер көрсетуі ықтимал.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар