1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №83 (16269) 17 қазан, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" спорт беті.
17 қазан 2017
«Қайрат» – сегізінші рет кубок жеңімпазы

«Қайрат» — «Атырау» — 1:0 (Гол, 70)

Биыл Қазақстан кубогының ойындары жаз ортасына дейін өтіп, финал қазан айына жоспарланды. Мұндай асығыстықтың себебі түсінікті: күзде ұлттық құрама ойындары өтті, сондай-ақ премьер-лигадағы ойындар саны біреуге артты. «Атырау» финалға ресейлік С.Павловтың басшылығымен жетсе, алматылықтарды грузиялық К.Цхададзе баптаған еді. Бірақ финалға екі команданы да басқа мамандар – Қ.Қабдолов пен К.Алос Феррер бастап шықты.
Жеңіс голын сұрмерген Жерар Гоу 70-минутта соқты. Ол айып алаңынан допты аулаққа теуіп жібермей, екі ойыншыны алдауға көшкен В.Двалишвилидің қатесін сәтті пайдаланды. Ойын соңына қарай Ж.Гоу алаңдағы орнын Ч.Аненеге босатып беріп, трибунаға қарап бұлшық етін соққылап, қуанышын білдірген-ді. Алайда төрешілер құрамы мұны басқаша бағалады. Мерген алаңнан қуылды. Дегенмен бұл күтпеген жаза «Қайраттың» рекордына әсерін тигізе алған жоқ. «Қайрат» Қазақстан кубогын сегізінші рет жеңіп алды. Алматылықтар ел кубогын 1992, 1996, 1999, 2001, 2003, 2014, 2015 және 2017 жылдары иеленді. Бұл – жуық арада мұрты сетіней қоймайтын рекорд. Қазақстан кубогын ең көп жеңіп алған екінші команданың — қос «Астананың» («Астана-1964» және «Астана») еншісінде үш кубоктан бар. «Астана-1964» қазір тіршілігін тоқтатты. Ал «Астана» «Қайратқа» жету үшін кемі бес жылын сарп етуге тиіс.
«Қайрат» ел кубогының финалына биыл қатарынан төртінші рет шықты. Бұл да өзіндік рекорд. Бұған дейінгі рекорд та алматылықтарға тиесілі еді. Олар 2003-2005 жылдар аралығында финалда үш рет қатарынан ойнап, бір рет жеңіске жетті. Ал соңғы төрт жылда «Қайрат» финалда бір-ақ рет (2016 жыл) жеңілді.
Жерар Гоу Қазақстан кубогының финалындағы үшінші голын соқты. Ол 2014 жылғы финалда «Астана Аренада» «Ақтөбе» қақпасына дубль жасаған еді (ойын есебі – 4:1).
«Атырау» өз тарихында ел кубогының финалына екінші рет шығып, бірінші рет ұтылды. «Мұнайшылар» 2009 жылы финалда «Шахтерді» 1:0 есебімен жеңген еді.
Қазақстан кубогының финалы бірінші рет Ақтөбе қаласында өтті.
Б.Исламхан мен Ж.Гоу Қазақстан кубогын төрт жылда үш рет жеңіп алды.

«АСТАНА» АЯЛДАМАЙДЫ
 

Қазақстан премьер-лигасы
30-тур. 15 қазан
«Оқжетпес» – «Тараз» – 2:1 (Федин, 1, Абдулин, 26 – Мане, 25-пенальтиден)

«Оқжетпес» алты матчқа созылған жеңіліс сериясына нүкте қойды. Көкшетаулықтар 13 тамыз–30 қыркүйек аралығында үздіксіз ұтылған еді. Осы жеңістен кейін «Оқжетпес» қоржынындағы ұпай саны 24-ке жетті. Алдағы төрт кездесуін сәтті аяқтаса, көкшетаулықтардың премьер-лигада қалу мүмкіндігі бар. «Тараз» өзі үшін аса маңызды кездесуде жеңілді. Бір апта бұрын нигериялық О.Одитаға қарызын уақтылы қайтармағаны үшін «Тараз» 6 ұпайға айыпталған еді. Сөйтіп, турнир кестесінің ортасында тұрған команда аяғына сырғып кетті.
«Астана» – «Ертіс» – 2:1 (Муртазаев, 52, Твумаси, 64-пенальтиден – Родригу, 41)
«Астана» жігерлі жеңіске жетіп, чемпиондыққа жақындады. Муртазаев өзінің бұрынғы командасына гол соқты. Ал Твумаси биылғы маусымда «Астана» сапында пенальти тепкен төртінші футболшы болып тұр. Оған дейін Ж.Кабананга үш пенальтидің – екеуін, Р.Муртазаев бір пенальтидің – біреуін, С.Граховац үш пенальтидің біреуін соға алмаған-ды. «Астана» соңғы үш турда үш рет пенальти теуіп отыр.
«Шахтер» – «Қайсар» – 2:1 (Зошак, 31, Стоянович, 47 – Жанғылышбай, 77)
«Шахтер» жеңіске жетіп, премьер-лигада қалу мәселесін түбегейлі шешті. «Қайсар» да алдағы турларда бір рет жеңіске жетсе, алаңдамауына болады.
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар