1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №83 (16269) 17 қазан, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" спорт беті.
17 қазан 2017
Жүлдені Медведь тапсырды

Беларусь астанасы Минск қаласы осымен екінші мәрте қазақ күресінен өтетін әлем біріншілігін құшағын кең жая қарсы алды. Қазақ күресінен V әлем біріншілігі дәл осы қалада 2013 жылы дүбірлетіп өткен болатын. Міне, араға төрт жыл салып ұлттық күресіміз Беларусь еліне қайта оралды. «Олимпийский» спорт кешенінде VII әлем біріншілігінің жалауын қайта көтерді.
2013 жылы Беларусьта қазақ күресінен өткен V әлем чемпионатында 30-ға тарта елдің балуандары қатысқан болса, VII әлем чемпионатына 43 елден келді. Бар-жоғы төрт жыл ішінде 10-нан аса елдің қазақ күресіне деген қызығушылығы артып, әлем чемпионатына қатысуға сұраныс білдіргенін көріп отырмыз. «О тықыр бұ тықырға ұқсамайды» демекші, жыл сайын қазақ күресінің бас додасына қатысатын балуандардың деңгейі өсе түскенін байқауға болады. Самбо, дзюдо сияқты күрес түрлерінен әлем чемпионаттарында олжа салып жүрген марқасқа балуандар қазақ күресінің айла-тәсілдерін де шебер меңгергенін көрсетті.
Қазақстан бұл әлем чемпионатына жілік майы толысқан саңлақтарды баптап алып барған еді. Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясы президентінің бірінші орынбасары Серік Түкеев мырза жарысты құттықтау сөзбен ашып берді. Қазақ күресі тарихының өткені мен бүгінгісіне аз-кем шолу жасалғаннан кейін, сөзді Біріккен күрес әлемінің (UWW) Ұлттық күрес түрлері комитетінің төрағасы Гентаутес Велейта мырза жалғастырып кетті. Құрметті мейман: «Қазақ күресі Біріккен күрес әлеміне кіретін 2000-ға жуық күрес түрінің ішіндегі ең әдемі екі күрестің бірі деп толық айта аламын», – деп, қазақ күресінің шоқтығы биік ұлттық күрес өнері екенін басып айтты. Сондай-ақ аты әлемге әйгілі балуан, үш дүркін олимпиада және бірнеше дүркін әлем чемпионы, бүгінде 80-нің сеңгіріне шыққан Александр Медведь қазақ күресінің алар асуы алда екенін айта келіп, Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының жұмысына табыс тілеп, балуандарға ақ батасын берді. Федерацияның құрметті президенті Қажымқан Мәсімов қазақ күресіне қатысушыларға тартысты бәсеке тілеп, қазақ күресінің болашағына ақжолтай тілеуін айтты.
Алдымен қазақ күресінен тұңғыш рет әйелдер арасында өткен ақтық сындарда озып шыққандардың есімдерін айталық. Негізі, әйелдер арасындағы белдесулер екі салмақ бойынша – 70 және 70 келіден жоғары салмақ дәрежелері бойынша өткен еді. 70 келі салмақ дәрежесі бойынша қарсыластарын бет қаратпай ұтқан жерлесіміз Алтынай Хабай шешуші айқаста болгариялық қарсыласы Габриела Гигованы жеңіп, алғаш рет әлем чемпионы атанды. Айтулы салмақта белорус Регина Шатруская мен поляк қызы Биалас Барбара қола медальдерді місе тұтты. Ал +70 келі салмақ бойынша моңғол балуаны Отгон Мунхцецегтің бағы жанып чемпион атанды. Осы салмақта күрескен жерлесіміз Қалжан Тайжанова денсаулығы сыр беріп, моңғол қызымен өткізген белдесуінде жеңісті қолдан беріп қойды. Дегенмен ол қалған кездесулерін сәтті өткізіп, күміс жүлдені қанжығалады. Бұл салмақта қола жүлделерді болгариялық Изабел Христова мен сербиялық Уна Туба Светлана жеңіп алды.
Ерлер арасындағы белдесулер бес салмақ дәрежесі бойынша өтті. Қазақстан балуандары үш салмақта чемпиондық тұғырға көтерілді. Жерлестеріміздің арасында Жақсылық Мұсырманов (60 келі), Ерлан Омаров (90 келі) және Талғат Әміренов (+90 келі) топ жарды. Жақсылық моңғол балуаны Енхбол Енхтайбанмен финалда кездесіп, жамбас әдісімен жеңіске жетті. Бұл салмақта қола жүлде түрікмен Батур Гурбаниязов пен қырғыз балуаны Санжар Османәлиевке бұйырды. Ал Е.Омаров ресейлік Александр Росляковтың жауырынын жерге тигізіп, балуандық ғұмырындағы алғашқы алтын медалімен қуантты. Бұл салмақта үшінші орынды қытайлық қазақ Аманжол Сұлтан мен эстониялық Александр Мармелюк бөлісті.
Аса ауыр салмақта күрескен Талғат өзінен салмағы екі есе жоғары белорус Александр Вахавяктан бір жамбас, бір бүк әдісін иеленіп, тұңғыш рет әлем чемпионы атанды. Қола жүлделер словакиялық Жаната Мартин мен армениялық Азат Абрахамянға табыс етілді.
Абсолюттік салмақтағы белдесулер де өте тартысты болды. Таусоғарлар арасында өткен сында Беларусь балуаны А.Вахавяк финалда А.Сұлтанды (Қытай) алып ұрып, әлем чемпионатының түйе балуаны атағына ие болды. Бұл сайыста қола қазақстандық балуан Сергей Пакқа бұйырды
70 келіде армян балуаны Альберт Мкртчянды таза жеңген ресейлік Әли Тұрсынов әлем чемпионы атанса, үшінші орындарды қазақстандық Нұрғали Тұрсынғазиев пен өзбек балуаны Бахрам Хайотов жеңіп алды. 80 келі салмақта тәжік балуаны Камороз Раджапов Вадим Шокадан айласын асырып, алтын жүлдеге ие болды. Айтулы салмақтың үшінші сатысына армениялық Давид Саркисян мен түркиялық Манай Батухан көтерілді.
Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының қаржылай сыйлықтарымен марапатталды. А.Медведь секілді аты аңызға айналған балуанның қолынан жүлде алып, жеңіс тұғырына көтерілген балуандар елдеріне ырзашылықпен аттанды.
 

Ақын ОРДАБАЙҰЛЫ

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар