1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №76 (16262)   26 қыркүйек, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" спорт беті.
26 қыркүйек 2017
«Жетісу» мен «Қызылжар» элитаға оралды

Қазақстан премьер-лигасы
28-тур. 23-24 қыркүйек


«Астана» – «Тараз» – 2:0 (Твумаси, 21, Постников, 26)
«Қайрат» – «Тобыл» – 2:0 (Гоу, 3, Исаель, 79)
«Оқжетпес» – «Атырау» – 1:2 (Фрейдгеймас, 45 – Сикимич, 15, Аблитаров, 53)
«Ақтөбе» – «Қайсар» – 0:1 (Байжанов, 10)
«Ақжайық» – «Шахтер» – 1:2 (Ерсәлімов, 49 – Зошак, 34, Айегбуси, 90+3)
«Ордабасы» – «Ертіс» – 1:2 (Вуяклийа, 85 – Фофана, 32, 49)
Чемпион атағы үшін егесте «Астана» мен «Қайрат» қарсыластарын кезек тықсырып келеді. «Астана» осы турда қатарынан 11-ші жеңісіне жетсе, алматылықтар сегізінші ойында қарсы келгенді жауырынмен жығып отыр. Дегенмен «Қайраттың» үш ойыны артық. Елордалықтар екі ұпай айырмашылығын алдағы бір ойында қалпына келтіре салуы мүмкін.
Ал үшінші орындағы «Ордабасыны» ешкім жылжыта алмайтын секілді. Соңғы екі турда қарсыластарынан 1:7 есебімен жеңілсе де, оңтүстіктің командасы жүлделі орыннан мызғыған жоқ. Ал 4-орынға «Ертіс» пен «Тобылдың» таласы күн санап ширыға түсуде. Осы турда «Тобылдың» Алматыда жеңілуі «Ертіске» оң болды. Тізгінін В.Грозный ұстағалы жеңіп көрмеген павлодарлықтар сырт алаңда «Ордабасыны» тізерлетіп кетті.
Турнир кестесінің етегінде – күн сайын қырғын. Мұндағы әр ұпай алтынға пара-пар. «Оқжетпес» бес ойында қатар жеңіліп, жағдайын тым нашарлатқаны болмаса, басқа командалардың бәрі барын салып жатыр. Қазір 8-11 орындардағы «Ақтөбе», «Ақжайық», «Атырау» және «Тараз» командаларының әрқайсысында 29 ұпайдан бар. Алдағы бес турда олар премьер-лигада қалу мәртебесі үшін жанын салатыны анық.
Ал І лиганың жеңімпаздары күні бұрын анықталды. 22-турдан кейін 52 ұпай жинаған «Жетісу» және 42 ұпайы бар «Қызылжар» келесі жылы премьер-лигада ойнау құқын жеңіп алды. Үшінші орындағы «Мақтаарал» қалған бес турда бұл жұпты қуып жете алмасы анық. «Жетісу» – бір жыл үзілістен кейін, ал «Қызылжар» араға 9 жыл салып премьер-лигаға оралып отыр.

Турнир кестесі:
О Ұ Т Д Ұп

«Қайрат» 29 20 8 1 67:24 68
«Астана» 26 21 3 2 63:15 66
«Ордабасы» 29 15 4 1 0 36:30 49
«Ертіс» 28 10 10 8 29:27 40
«Тобыл» 29 10 9 10 28:23 39
«Шахтер» 27 10 3 14 29:41 33
«Қайсар» 28 8 8 12 22:32 32
«Ақтөбе» 29 7 8 14 33:41 29
«Ақжайық» 29 7 8 14 26:40 29
«Атырау» 29 8 8 13 27:45 29*
«Тараз» 28 7 8 13 23:41 29
«Оқжетпес» 27 6 3 18 21:45 21
«Атыраудың» 3 ұпайы алынған.
Мергендер: Ж.Гоу («Қайрат») – 21, Ж.Кабананга («Астана») – 15, П.Твумаси («Астана») – 11, Б.Исламхан –10 («Қайрат»).

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар