1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №45 (15503) 8 маусым, сейсенбі 2010
"Жас Алаштың" спорт беті.
8 маусым 2010
Дзюдошылар жүлдесiз қайтты

Румынияның Бухарест қаласы мен Испанияның Мадрид қаласында өткен аптада дзюдодан кезектi әлем кубогы өттi. Бұл сында ел намысын қорғаған қазақ елiнiң дзюдошы қыз-жiгiттерi елiмiзге жүлдесiз қайтты. Жақында Бразилияда кезектi әлем бiрiншiлiгiн тәмамдаған (Бразилияға қазақ елiнiң дзюдошылары бармады) дзюдошы жiгiттер Испания астанасына жиналды. Әлемнiң қырықтан аса елiнiң дзюдошылары бақ сынаған жарысқа Қазақстан құрамасының сапынан бес спортшы қатысты.

60 келi салмақта өнер көрсеткен Қанат Байымбетов алғашқы белдесуiнде солтүстiк­кореялық спортшымен татамиге шығып, жеңiлiп қалды. 66 келiдегi Азамат Мұқановтың да жолын бiрiншi белдесуде солтүстiккореялық палуан қиды. 73 келiде күрескен Саят Әлмұ­қашев пен Елдар Зәрiпханов та ұзаққа бармады. Саят алғашқы кездесуiнде немiс спортшысын ұтқанымен артынша бельгиялық қарсыласына төтеп бере алмай жарыстан шығып қалды. Е.Зәрiп­ханов тұсаукесер белде­суiнде португалиялық дзюдошыдан ұтылды.
Аса ауыр салмақта, яғни 100 келiден жоғары салмақта күрескен Ержан Шынкеев татами қожайыны Виктор Фернандеске жол берiп, ауылға жүлдесiз қайтты.
Румынияның Бухарест қаласында өткен әлем кубогында елiмiздiң он екi бiрдей бойжет­кенi күш сынасқан едi. Өкiнiшке қарай, он екiсiнiң бiреуi де жүлделi орынға жете алмай, жолортада қалды. Дзюдошылардың iшiнде ең жоғары көрсеткiшке 70 келiдегi Мәриям Ордабаева мен 78 келiден жоғары салмақта белдескен Зарина Әбдiра­сулова қол жеткiздi. Қос бойжеткенiмiздiң әлем кубогында көрсеткен нәтижелерi – 5-орын.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар