1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №44 (15502) 3 маусым, бейсенбі 2010
"Жас Алаштың" спорт беті.
3 маусым 2010
Ендiгi белдесулер Тбилисиде өтедi

Шiлденiң 5-7 аралығында Грузияның астанасы Тбилисиде еркiн және грек-рим күресiнен Гран-при жарысы өтедi. Осыған байланысты грек-рим күресiнен ұлттық құраманың бас бапкерi Мұ­рат­бек Қасымханов грузин жерiнде ел намысын қорғайтын палуандардың есiмiн жариялады. Мамыр айының басында Үндiстанда Азия бiрiн­шiлiгiнде бақ санаған палуандарымызға Тбилисиде өтетiн Гран-при турнирi әлем бiрiн­шiлiгi мен Азия ойындарының алдында тәжiрибе жинақтайтын жарыстардың бiрi болмақ. Нұрғали Рахманқұлов баптайтын елiмiздiң еркiн күрес шеберлерi де грузин жерiнде намысты қолдан бермеймiз деп отыр. Бас бапкерлердiң түзген тiзiмiн­де Нұрбақыт Теңiзбаев, Дархан Баяхметов, Досжан Қортықов, Айбек Еңсеханов, Дәу­лет Ниязбеков, Ақжүрек Таңатаров, Семен Семенов және Марид Муталимов сынды тәжiрибелi палуандар бар. Гран-при турнирiнде жеңiп шыққан палуандар ұйым­дастырушылар тарапынан 1 500 АҚШ долларына ие болса, күмiс және қола ме­даль­ға ие болғандар тиiсiн­ше 800, 500 доллардан иеле­не­дi.

 
Тбилисиде белдесетiн палуандардың тiзiмi:
Еркiн күрес: Дәулет Ниязбеков (55 келi), Дәурен Жұмағазиев (60 келi), Абылай Телтаев (60 келi), Ақжүрек Таңатаров (66 келi), Абдухәкiм Шәпиев (74 келi), Семен Семенов (84 келi), Марид Муталимов (120 келi).
Грек-рим күресi: Асхат Құдайбергенов (55 келi), Ербол Қалыбаев (60 келi), Ербол Қоңыратов (60 келi), Марат Кәрiшалов (60 келi), Нұрбақыт Теңiзбаев (60 келi), Дархан Баяхметов (66 келi), Айбек Еңсеханов (66 келi), Шыңғыс Қайырмағамбетов (66 келi), Досжан Қортықов (74 келi), Роман Мелешин (74 келi), Жандарбек Қабдолов (74 келi), Андрей Самохин (74 келi), Алхазур Өздиев (74 келi), Ерұлан Ысқақов (96 келi).
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар