1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №42 (15500) 27 мамыр, бейсенбі 2010
"Жас Алаштың" спорт беті.
27 мамыр 2010
Қарағандыда бойжеткендер белдестi

Жақында Үндiстанда Азия бiрiншiлiгiне қатысқан елiмiздiң бойжеткен пал­уандары Қарағандыда елiмiздiң үздiктерiн анықтады. Екi күн бойы боз кiлемде белдескен палуандар жетi салмақ дәрежесi бойынша белдестi.

Әйелдер құрамасының бас бапкерi Саржан Жақсыбековтiң айтуынша, Қарағандыда өткен ел бiрiншiлiгiне кiлең мықтылар қатысыпты. Турнир деңгейiнiң жоғары болғаны да осыдан болса керек. 48 келi салмақта жастар арасындағы әлем чемпионы Элео­нора Әбутәлiпова өзiне тең келер қарсылас таппай, Қазақстан чемпионы атанды. 51 келi салмақтың, әсiресе финалдық кездесуi аса тартысты өттi. Жақында ғана Азия бiрiншiлiгiнде күмiс алқаға ие болған Жұлдыз Ишимова финалда талай рет халықаралық жарыстарда топ жарған тәжiрибелi Татьяна Бакатюкпен белдесiп, жеңiске жеттi де, Қазақстан бiрiншiлiгiнiң жеңiм­пазы атанды. 55 келi салмақта бұған дейiн белдескен Айым Әбiлдина 59 келi салмаққа ауысқаннан кейiн бұл салмақтың тiзгiнiн жастар арасындағы әлем бiрiн­шiлiгiнiң күмiс жүлдегерi Зүлфия Яхьярова ұстады. Зүлфия финалда Меруерт Дынбаевадан айласын асырды. 59 келi салмақта Екатерина Ларионованы ұтқан Айым Әбiлдина жеңiмпаз атанды. Екатерина Ларионова – жақында Ташкентте өткен Азияның лицензиялық турнирiнiң қола жүлдегерi.
63 және 67 келi салмақтарда бұған дейiн де осы салмақтың көшбасшысы болған Ольга Калинина мен Елена Шалыгиналар жеңiске жеттi. Екi палуан да финалдық белдесулерiн өте жоғары деңгейде өткiздi. 72 келi салмақта Азия чемпионы Гүзел Манюрованың жолы болды. Финалда Г.Манюрова Ольга Жәнiбековадан айласын асырды. Жалпыкомандалық есептегi бiрiншi орынды Алматы қаласының палуандары жеңiп алса, астаналық палуандар екiншi орынды иелендi.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар