1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №4 (16190) 17 қаңтар, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" спорт беті.
17 қаңтар 2017
Екiншi айналымда

Австралия ашық бiрiншiлiгiне (Australian Open) Қазақстан атынан қатысқан Александр Бублик алғашқы айналымында француз теннисшiсi Люк Пуйенi үш сетте сайыстан ығыстырды. Әлемдiк рейтингте 207-сатыда тұрған бубликтен әлемнiң 16-ракеткасы Пуйе жеңiледi деп ешкiм күтпесе керек. Александр Бублик ендi екiншi айналымда тунистiк Жазириге қарсы тартысады. Бублик былтырғы жылдың соңында Ресейден Қазақстанға келген болатын. Австралия ашық чемпионатының алғашқы айналымынан Ярослава Шведова мен Галина Воскобоева аса алған жоқ.

ТАБЫСТЫҢ ҚЫЗЫҒЫН ФУТБОЛШЫЛАР КӨРЕДI
УЕФА былтырғы жылғы есеп-қисабын жария еттi. Былтыр Еуропаның футбол клубтары қанша қаржы игердi, пайданы қайда жұмсады, табысты қалай жаратты деген сауалға жауапты осы есеп-қисаптық материалдан оқып бiлуге болады. УЕФА-ның есептiк мақаласындағы бiздiң елдiң футболына қатысты деректерiн оқырмандарымызға ұсынғанды жөн көрдiк.
Былтырғы жылы бiздiң елдiң футбол клубтары футболшыларға 104 миллион еуро жалақы төлептi. Жалақымен жарылқау жағынан бiз Еуропа елдерiнiң iшiнде 13-орында тұрмыз.
Футбол клубтарының табысын футболшылардың жалақысына жұмсау жағынан бiз алдыңғы лектемiз. Табыстың 78 пайызы жалақы төлеуге жұмсалады. Англия премьер-лигасындағы клубтардың басшылығы табыстың 61 пайызын, Германияның футбол клубтары олжаның 52 пайызын, Италияның клубтары 69 пайызын, Испанияның клубтары табыстың 60 пайызын футболшылардың төккен терiнiң өтеуi ретiнде бередi.
УЕФА-ның қаржылық есебiнiң қорытындысына қарап , жыл сайын жалпы табыстың өсiп келе жатқанын байқауға болады. 2010 жылдан 2013 жылға дейiнгi аралықта 23 стадион футболшылардың игiлiгiне берiлсе, 2014 жылдан осы уақытқа дейiн 58 стадион салыныпты. Бұған қарап соңғы жылдары УЕФА-ның табысы күрт өскенiн бағамдайсыз.

АҚПАНДА АЙҚАСҚА ТҮСЕДI
Австралия ашық бiрiншiлiгiне (Australian Open) Қазақстан атынан қатысқан Александр Бублик алғашқы айналымында француз теннисшiсi Люк Пуйенi үш сетте сайыстан ығыстырды. Әлемдiк рейтингте 207-сатыда тұрған бубликтен әлемнiң 16-ракеткасы Пуйе жеңiледi деп ешкiм күтпесе керек.
Александр Бублик ендi екiншi айналымда тунистiк Жазириге қарсы тартысады.
Бублик былтырғы жылдың соңында Ресейден Қазақстанға келген болатын.
Австралия ашық чемпионатының алғашқы айналымынан Ярослава Шведова мен Галина Воскобоева аса алған жоқ.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар