1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №4 (16190) 17 қаңтар, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" спорт беті.
17 қаңтар 2017
Капитан кеттi

Данияр Елеусiнов кәсiпқой боксқа ауысты. Ол өзiнiң кәсiпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегiн Қытай елiнде өткiзуi мүмкiн. Бұл туралы Елеусiнов келiсiмшарт жасасқан MJA Entertainment’s промоутерлiк компаниясының президентi Майк Алтамура сұхбатында айтыпты. Fighnews.com сайтындағы сұхбатында Алтамура мамыр айында алғашқы жекпе-жегiн ұйымдастыру жайында сөз етiптi. Майк мырза екi жылдың iшiнде Елеусiновтi чемпиондық белбеуге таласатын дәрежеге жеткiзетiндерiн айтып, бiлек түрiнiп отыр.
Елеусiнов кәсiпқой бокстан 66 келiде жұдырықтаспақ. 66 келiде чемпиондық белбеуге таласар болса, мына саңлақтармен жұдырықтасуы мүмкiн. WBC тұжырымы бойынша американдық Дэнни Гарсия бар. Гарсия кәсiпқой бокста 32 жекпе-жек өткiзiп, ешкiмнен жеңiлген жоқ. Әмiр Хан, Тимоти Брэдли, Джесси Варгас секiлдi мықтыларды мойындатуы керек. WBA тұжырымы бойынша Давид Аванесян, Тева Кирам, Хосе Бенавидес секiлдi серкелердiң iшiндегi салмақтысы – Кит Турман. Турман боксшы 28 жекпе-жекте жеңiлмеген саңлақ. IBF тұжырымында бiздiң елге жақсы таныс британдық Келл Брук бар. Головкинге қарсы айқасамын деп нокаутпен жеңiлген Брук та Елеусiновтiң тегеурiндi қарсыластарының бiрi болады. WBO тұжырымында филиппиндiк Мэнии Пакьяо тұр. Брэдли Скит, Эррол Спенс секiлдiлер де Елеусiновтiң келешектегi қарсыластары атануы мүмкiн. Данияр үшiн Мэнни Пакьяо секiлдi сырттандарға қарсы айқасуы есiмiн әлемге әйгiлейтiн мүмкiндiк беретiнi анық.
Даниярдың туған ағасы Дәурен де кәсiпқой бокста жүр. Алты айқас өткiзiп, бесеуiнде жеңiске жеткен Дәурен де бұдан былай Даниярдың промоутерiмен тiзе қосып жұмыс iстемек.

ӘЗIРБАЙЖАНДЫҚ ӘЛЕМНIҢ ҮЗДIГIНЕН ҮМIТТI
Ауыр атлетиканың халықаралық федерациясы (IWF) былтырғы жылдың ең үздiк ауыр атлетiн анықтайды. Дауыс беру 31 қаңтарға дейiн жалғаспақ. Әлемнiң ең үздiк ауыр атлетi атағынан былтыр Рио Олимпиадасында топ жарған жетi атлет үмiттi: колумбиялық Оскар Фигероа (62 келi), қытай Лун Цинцюань (56 келi), иран Киран Ростами (85 келi), өзбек Руслан Нұриддинов (105 келi), грузин Лаша Талахадзе (105 келiден жоғары) және Әзiрбайжан елiнде туып, Рио Олимпиадасында бiздiң елдiң намысын қорғаған Ниджат Рахимов (77 келi).
Рахимов Рио Олимпиадасының серпе көтеру сынында 2014 келiнi еңсерiп, әлем рекордын жаңартқан болатын. Рахимовтың бұла күшiне күмәнданғандар допинг тұтынуы мүмкiн деп те айтты.

ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛДАҒЫ ҚАРСЫЛАС БЕЛГIЛI
Санкт-Петерборда өтiп жатқан “Гранаткин мемориалына” қатысушылар ширек финалдық тартысқа түстi. 19 жасқа дейiнгiлер арасында өтiп жатқан доданың ширек финалында бiздiң футболшылар Словения құрамасына қарсы ойнайды.
Александр Кузнецовтың шәкiрттерi ширек финалда словениялық замандастарын ұтса, онда жартылай финалда Грекия жастар құрамасына қарсы ойнайды. Гректер ширек финалда Латвия жастарын ойын соңындағы пенальти тебу сынында ұтты.
«Гранаткин мемориалының» жүлдесiнен Ресей, Санкт-Петербор қаласының және Словения, Словакия һәм бiздiң елдiң жастары үмiттi.


13-ОРЫН – ТӘУIР КӨРСЕТКIШ
Германияның Оберхоф пен Рупольдинг қаласында биатлоннан әлем кубогының кезеңi өттi. Қазақстандық Галина Вишневская жүлделi орын алмағанымен, кезең сайын көрсеткiшiн жақсартып, ұпайын молайтып келедi. Германияда өткен әлем кубогының кезеңiнен кейiн Вишневская 13-сатыға орнығып, 282 ұпай жинады. Топ басында чех қызы Габриэла Коукалова келедi, оның еншiсiнде 587 ұпай бар. Финляндиялық Кайса Макарайнен 568 ұпаймен екiншi орында, немiс қызы Лаура Дальмайер 555 ұпай жинап үштiктi қорытындылап тұр.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар