1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №42 (15500) 27 мамыр, бейсенбі 2010
"Жас Алаштың" спорт беті.
27 мамыр 2010
Арман Шiлманов Азияның алды бола алмады

Өткен аптада Астанада таэквондодан Азия бiрiншiлiгi өттi. Сары құрлықтың жиырмадан аса елiнен жиналған спортшылардың арасынан ерлер арасында Иран таэквондошылары топ жарса, әйелдер арасындағы сында Оңтүстiк Корея спортшылары суырылып алға шықты. Қазақ елiнiң қыз-жiгiттерiне бұл сайыста 1 алтын 1 күмiс, 3 қола медаль бұйырды. 

Таэквондо өнерi елiмiзге тоқсаныншы жылдардың басында келдi. Iргетасын Мұс­та­фа Өзтүрiк қалаған осынау спорттың түрi Қазақстанда жылдан жылға өсiп өркендеп келедi. Оған дәлел – соңғы жылдары елiмiздiң спортшыларының әлемдiк аренада көрсеткен жетiс­тiктерi. Әдiлхан Сағындықов, Лия Нүркина, Арман Шiл­манов, Аслан Батықұлов сынды тарланбоз таэквондошыларымыз қазақтың көк туын құрлықтық, әлемдiк тiптi олимпиялық ойындарда да желбiретiп үлгердi. Бiр сөзбен айтсақ, М.Өзтүрiк салып кеткен сара жолды кейiнгi толқын жастар абыроймен жалғастыруда. Азияның таэквондо қауымдастығының басшылары құрлықтық сайысты бiздiң елде өткiзудi сенiп тапсырғаны да осының айғағы.
Астананың “Дәулет” спорт кешенiнде үш күн бойы жан алысып, жан берiскен спортшылардың арасында осалы жоқ. Әсiресе, Оңтүстiк Корея мен Иран елiнiң таэквондошылары тайбурылдай жер тепкiлеп тұр. Аталған елдер Астанаға кiлең мықтыларын әкелiптi. Жарыс барысында әлем чемпиондары, Азия чемпиондары деген дардай атақты арқалаған спортшылар Астана даянындағы айқаста қарсылас шақ келтiрмедi.
Таэквондодан Қазақстан құрамасының бас бапкерi Қайрат Қырғызбаев Азия бiрiншiлiгiнiң алдында қазақстандық спортшылар жалпыкомандалық есепте алғашқы орындарға таласуы мүмкiн екенiн айтқан. Өкiнiшке қа­рай,­ Азияның алды болады деген сайыпқырандарымыздың бiразының Астана төрiнде жол­дары болмады. Атап айтсақ, Универсиада мен жекпе-жек түрлерiнен Азия ойындарының жеңiмпазы Гүлнәфиз Айтмұхамбетова мен Азия ойындарының қола жүлдегерi Сәуле Сардароваға бас бапкер Қ.Қырғызбаев зор сенiм артқан едi. Өкiнiшке қарай, екi қызымыз да ең болмағанда жартылай финалға жете алмады. Ерлер арасындағы сайыста жастар арасындағы әлем чемпионы Жалғас Бекқасымов та өзiне артылған сенiмнiң үдесiнен шыға алмады. Қыздар арасында 72 келi салмақта ел намысын қорғаған Феруза Ергешованың жеңiп алған алтын медалi болмағанда өз жерiмiзде, өз елiмiзде жер шұқып қалуымыз да мүмкiн едi. 46 келi салмақта өнер көрсеткен Айжан Әлжановаға қола медаль бұйырды.
Ерлер арасындағы жарыста олимпиада ойындарының қола жүлдегерi Арман Шiлманов финалға дейiн қарсылас шыдатпады. Жартылай финалда кәрiс спортшысынан басым түскен отандасымыз финалда ирандық Хусейн Тәжiктен ұтылып, күмiс медальдi мiсе тұтты. Ерлерге бұйырған екi қола жүлденiң бiрiн 54 келiдегi Нариман Шәкiров еншiлесе, екiншiсiн 80 келiдегi Сұлтан Қасымов жеңiп алды. Қазақстан құрамасының ерлерi жалпыкомандалық есепте Иран, Оңтүстiк Корея, Тайланд және Тайпей таэквондошыларын алға жiберiп, бесiншi орынға табан тiресе, әйелдер құрамасы үздiк төрттiкке ендi. Бойжет­кен­дерiмiз Оңтүстiк Корея, Қытай, Тайпей елдерiнен кейiнгi орында.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар