1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №66 (16148) 18 тамыз, бейсенбі 2016
"Жас Алаштың" спорт беті.
18 тамыз 2016
Спорт ақпарат

АДАМ БА ӘЛДЕ...

Ямайкалық Усейн Болт жазғы Олимпиада ойындарының жетi дүркiн чемпионы атанды. 100 метр қашықтықты ол 9,81 секундта өндiрiп, Рио Олимпиадасының чемпионы атанды. Болт 2008 жылы Бейжiңде, 2012 жылы Лондонда 100 метрге жүйткуде алдына адам түсiрмей, Олимпиада чемпионы атанған-ды. Жалпы адамзат тарихында бiр қашықтықта қатарынан екi Олимпиада ойындарында чемпион атанған атлет жоқ. Ал Болт – қатарынан үш рет Олимпиада чемпионы, бiр ғана 100 метр қашықтыққа. Болт әлi 200 метрге және 400 метрге эстафеталық сайыста сынға түседi. Усейн Болттың да жүгiрудегi жетiстiгiн жақын-жуықта қайталар жүйрiктiң шыға қоярына көңiл шiркiн илана қоймайды. Осындай аңыздың желден оза жүйткуiн мен үшiншi рет Олимпиада ойындарының орынтағында отырып көрдiм.
 
БIР ЖЫЛҒА ШЕКТЕДI
Ауыр атлетиканың халықаралық федерациясын басқаратын Томаш Аян AFP агенттiгiне сұхбат берiп, Қазақ елiнiң, Ресей мен Беларусьтiң ауыр атлетикадан құрамалары бiр жыл­ға спорттық сайыстардан шеттетiлгенiн айтыпты. “Бiз ауыр атлетика спортын абыройлы етуiмiз үшiн тазалықты өзiмiзден бстауымыз керек. Рио Олимпиадасынан кейiн Қазақстан, Ресей, Беларусь елдерiнiң құрамалары сайыстарға қатыспайды, бiр жылға” дедi. Келесi жылы Малайзия елi өткiзетiн әлем чемпионатына қатысудың мүмкiндiгi бола ма, болмай ма?
 
БҰЛ ҒАСЫРДА МҰНДАЙ ҰЛ ТУАР МА ЕКЕН
Майкл Фелпс 2012 жылы Лондон Олимпиадасында 16-ыншы рет чемпион атанған соң “үлкен спортты доғарамын” деп мәлiмдеген едi. Айтарын айтқан соң Майкл бұлаңдап, әр нәрсеге ұрынды. Iшiмдiк iшiп, тәртiп сақшыларымен де тәжiкелестi, көшеде бiреулермен де жаға жыртысты. Ақыры 2014 жылы спортқа қайтып келдi. Қайтып келгенi олжа болған екен, Рио суынан бiрнеше алтын медальдi сүзiп алды. Майкл Фелпстiң жазғы Олимпиада ойындарында, яғни үш Олимпиада ойындарынан олжалаған алтын медалi 23-ке жеттi. Фелпстiң қол жеткiзген табысын Олимпиада ойындары өтiп келе жатқан   2 мың жыл iшiнде ешбiр спортшы еңсерген емес. Ендiгi мыңжылдықта да Фелпстiң биiгiне шығатын спортшы туады дегенге өз басым сене қоймаймын.
 
ОН ОЛЖАНЫҢ ЖАРТЫСЫ СОЛАРДIКI
Әзiрге бiздiң елдiң қанжығасында Рио Олимпиадасының 10 медалi бар. Мiне, осы медальдардың тең жартысын, яғни 5 медальдi ауыр атлеттерiмiз алып бердi. Ауыр атлеттерiмiздiң Рио Олимпиа­дасындағы көрсеткiшiне бас бапкер Алексей Нидiң де көңiлi тоқ. Алексей Ни қыз-жiгiттердiң Олимпиада ойындарындағы күш сынасуы жайында бүй дедi. “Рио Олимпиадасына саңлақтарымызды қостырмаған соң бiз тек негiзгi құрамның үш спортшысын, ал екiншi нө­мiрдегi бес атлеттi апаруға мәжбүр болдық. Ниджат Рахимов Олимпиада чемпионы атанды, әлем чемпионатының екi дүркiн күмiс жүлдегерi Жазира Жаппарқұл күмiс медаль алды. Фархад Харки, Карина Горичева, Александр Зайчиков қола жүлде еншiледi. Зайчиков Лондон Олимпиадасында 12-орын алған едi. Төрт жылда қалай өскенiн дәлел­дедi. 2020 жылы Токиоға жол тартқанға дейiн бұл спортшылар әлем чемпионаттарында, екi жылдан кейiн жететiн жаз­ғы Азия ойындарында өз­дерiнiң осалдар санатынан емес екендiгiн дәлелдейдi деп сенемiн”. Нидiң айтқанына алып-қосарымыз жоқ.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар