1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №37 (15495) 12 мамыр, сәрсенбі 2010
"Жас Алаштың" спорт беті.
12 мамыр 2010
«Ақтөбеге» арнау

 

Дуылдап стадион қазанында,
Шуылдап түсетұғын азабына.
Футболға бауыр басқан жанкүйермiз,
Сабыры сай келмейтiн қазағыңа.
 
“Ақтөбе” ұтып жатса тасатұғын,
Желпiнiп сөзбен шашу шашатұғын.
Алаулап жалын атқан жанкүйермiз,
Қызуын “қымыз iшiп” басатұғын.
 
“Ақтөбе” ұтылғанда күйзелетiн,
Күңiренiп, қара аспандай күйге енетiн.
Ойымен арпалысқан жанкүйермiз,
Себебiн сәтсiздiктiң iзденетiн.
 
Сондайда “Қазақ балалары қайда?!” дейтiн
“Пиғылы келiмсектiң – пайда!...” дейтiн.
Жүректе жарасы бар жанкүйермiз
“Ұлтыңның жоғын сен де ойла!” дейтiн.
 
Осындай жанкүйердiң сөзi көп-ақ,
Болған соң басқаларға күлкi-мазақ.
Япыр-ай, ұлт маманы қай жақта жүр,
Қоса алмай командаға жетi қазақ?!
 
Сымақов, Тiлешовпен мақтанамыз,
Гол соқса, шат-шадыман шаттанамыз.
Қаракөз шәкiрт жоғын ойлағанда
Намыстан жарылуға шақ қаламыз.
 
Жанкүйер түсiнедi бәрiн-бәрiн,
Төрт мәрте чемпиондық атақ барын.
Басшылар командаға мән бермесе,
Шегер ек өзгелердiң күйiк-зарын.
 
Озып тұр “Ақтөбе” өз ортасында,
Облыс, қала әкiмi арқасында.
Әттең-ай ұлттық кейпi келiспей тұр!
Мiнекей, айтар сөздiң парқы осында.
 
Сұлтанғали Қаратайұлы
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы

 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар