1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №33 (15491) 27 сәуір, сейсенбі 2010
"Жас Алаштың" спорт беті.
27 сәуір 2010
«Оқжетпес» ойсырай ұтылды

Футболдан Қазақстан премьер-лигасына қатысып жатқан командалар өткен жексенбi күнi 7-тур ойындарын өткiздi. Елiмiздiң алты қаласында ойналған кездесулердiң төртеуiнде қонақтардың жолы болды. Сырт алаңда Шымкенттiң “Ордабасы” клубын 2:1 есебiмен ұтқан Қостанайдың “Тобылы” жеке-дара көш бастады. Өткен турда Астананың “Локомотивiн” ұтып, турнир кестесiнiң екiншi сатысына көтерiл­ген Қарағандының “Шахтерi” өз орнын сақтап қалды. Алматыда “Қайратты” 1:0 есебiмен жеңген кеншiлер “Тобылдан” үш ұпайға қалып келедi.

Биылғы маусымды тәп-тәуiр бас­таған Көкшетаудың “Оқжетпесi” 7-турда “Атырауды” қабылдап, ойсырай жеңiлдi. Көкшетаулықтардың қақпасына жауапсыз алты доп соққан атыраулықтар сегiзiншi орыннан төртiншi орынға көтерiлдi.
7-турдың толық нәтижелерi:
“Ордабасы” (Шымкент) – “Тобыл” (Қостанай) – 1:2 (Тәжiмбетов, 44-минутта – Сүймағамбетов, 63-минутта, Бақаев, 64-минутта);
“Оқжетпес” (Көкшетау) – “Атырау” (Атырау) – 0:6 (Зунунов, 10, 70-минуттарда, Жолшиев, 30, 47-минуттарда, Кроитору, 36-минутта, Сақалбаев, 82-минутта); 
“Локомотив” (Астана) – “Ақтөбе” (Ақтөбе) – 0:1 (Струков, 45-минутта);
“Қайрат” (Алматы) – “Шахтер” (Қарағанды) – 0:1 (Бильдинов, 78-минутта);
“Ертiс” (Тараз) – “Тараз” (Тараз) – 2:1 (Иванов, 63-минутта, Шабалин, 73-минутта – Йованович, 87-минутта);
“Жетiсу” (Талдықорған) – “Ақжайық” (Орал) – 2:1 (Белич, 28-минутта, Досмамбетов, 32-минутта – Мальцев, 62-минутта).
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар