1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №33 (15491) 27 сәуір, сейсенбі 2010
"Жас Алаштың" спорт беті.
27 сәуір 2010
Жастар жарысты бастады

Кеше Әзiрбайжанның Баку қаласында бокстан жастар арасындағы әлем бiрiншiлiгi басталды. Бұл сында қазақ елiнiң жас боксшылары он бiр салмақ дәрежесiнде бақ сынауда.

Исландиядағы вулкан Бакудегi жарыс­қа да керi әсерiн тигiзбей қоймады. Әу баста, Әзiрбайжан астанасында өтетiн әлемдiк дода 20 сәуiрде жалауын көтеруi тиiс едi. Алайда, әлемдiк бокс қауымдастығының басшылары әуе жолдарының жабылғанына байланысты жарысты 25 сәуiрге шегердi. Тiптi, Әзiрбайжан астанасына әлемнiң 105 елiнiң боксшылары қатысуы тиiс едi. Бiрақ, соңғы ақпарат бойынша, Бакуге тек 90 елдiң боксшылары ғана келiптi. Әлем бiрiншiлiгiне қатысып жатқан боксшылардың саны – 466. Ең көп боксшылар 57 келi салмақта өнер көрсетедi (58 боксшы). Ал ең азы – 91 келi ден жоғары салмақта (18 боксшы).
Қазақстанның жастар құрамасының бас бапкерi Назар Iлиясов 48 келi салмақта Әнуар Мұзапаровқа сенiм артса, 51 келiде Нұржан Әбжановты қатыстыруды ұйғарды. 54 келi салмақта елiмiздiң талант­ты боксшыларының бiрi, Азия чемпионы Нұрбол Қалжановтың сырқаттанып қалуына байланысты Бакуге бара алмады. Оның орнын бас бапкер Руслан Мәдиевпен ауыстырды. 57 келi салмақта Дархан Жұмсақбаев ел намысын қорғайды. 60 келiде Сабыржан Бақбергенов жұдырықтасады. 64 келi салмақта биыл Иранда өткен Азия бiрiншiлiгiнде бас жүлдеге ие болған Мейiрiм Нұрсұлтанов бокстасады. 69 келiде Жаныбек Әлiм­ханұлы шықса, 75 келiде Әдiлет Рақышев шаршы алаңға шығады. 81 келiнiң жүгi Арбек Әбдiғаниевке сенiп тапсырылды. Азия чемпионы Асқар Көпеншиев 91 келiде бокстасса, Азия бiрiншiлiгiнiң күмiс жүлдегерi Дәулет Мұсабаев аса ауыр салмақта ел намысын қорғайды.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар