1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №32 (15490) 22 сәуір, бейсенбі 2010
"Жас Алаштың" спорт беті.
22 сәуір 2010
«Алматы» А тобына түстi

Маусымның 5-13-i аралығында Қытайдың Джинжанг қаласында волейболдан клубтар арасындағы Азия бiрiншiлiгi басталады. Жыл сайын өтiп тұратын дәстүрлi жарысқа биыл елiмiзден “Алматы” командасы қатысады.

Қазақстан бiрiншiлiгiнде топ жарған алматылықтар А тобында Қытай, Жапония, Вьетнам және Индонезия елiнiң клубтарымен сынға түседi. Аталған елдердiң iшкi бiрiн­шiлiктерi мәреге әлi жеткен жоқ. Сондықтан “Алматы” волейболшыларының қай клубпен ойнайтыны жақын арада белгiлi болады. “Алматы” клубы А тобындағы алғашқы ойы­нын 5 маусым күнi Жапонияның чемпионымен өткiзедi. Екiншi ойын 6 маусымда Вьетнам клубымен өтедi. 8 маусым күнi алматылықтар Индонезия чемпиондарына қарсы ойнаса, соңғы ойынын 9 маусым күнi Қытай елiнiң үздiгiне қарсы өткiзедi. Әр топтан ең үздiк деген төрт команда жарыстың келесi айналымына шығады. 
 
Клубтар арасындағы Азия бiрiншiлiгiне қатысатын елдер­дiң командалары екi топқа бөлiндi.
А тобы: Қытай, Жапония, Вьетнам, Индонезия, Қазақстан.
В тобы: Иран, Қатар, Өз­бек­стан, Бруней, Тайланд, Мьянма.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар