1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №32 (15490) 22 сәуір, бейсенбі 2010
"Жас Алаштың" спорт беті.
22 сәуір 2010
Нұрбол Жұмасқалиев өзiнiң 115-добын соқты

Сейсенбi күнi футболдан Қазақстан премьер-лигасының 6-тур ойындары өттi. Бесiншi турдың қорытындысы бойынша көш бастаған Қостанайдың “Тобылы” премьер-лига ойындарының аут­сайдерi Оралдың “Ақжайығын” қабылдап, 3:1 есебiмен жеңiске жеттi. Осы ойында “Тобылдың” жартылай қорғаушысы Нұрбол Жұмасқалиев Қазақстан бiрiн­шiлiгiнiң тарихындағы (мұның iшiнде Қазақстан кубогының ойындары да бар) өзiнiң 115-добын соқ­ты. Бұл көрсеткiшiмен ол Семейдiң “Елiм-ай” клубында ұзақ жылдар бойы өнер көрсеткен Александр Мирошниченкомен теңестi. А.Мирошниченко аяқдопты осыдан бiрнеше жыл бұрын доғарғанын ескерсек, Жұмасқалиевтiң Мирошниченкодан асып түсуге мүмкiндiгi зор. Осы маусымның басынан берi үш доптың авторы атанған Нұрбол Жұмасқалиев өзiнiң командаласы Ұлықбек Бақаевпен бiрге мергендер көшiн бастап келедi.

Қарағандыда Астананың “Ло­комотивiн” 3:1 есебiмен ұтқан “Шахтер” “Тобылды” өкшелеп келедi. Бес ойыннан он ұпай жинаған кеншiлер қостанайлық футболшыларға қарағанда бiр ойын кем өткiзген. Десек те, дәл қазiр “Тобыл” мен “Шахтердiң” арасын төрт ұпай бөлiп тұр.
Алтыншы турда Алматының “Қайраты” тағы доп соға алмады. “Атырау” футболшыларына қонаққа барған алматылықтар ойынның 60 – минутына дейiн қақпасын аман сақтады. Осыдан кейiн алаң иелерi “Қайрат” қақпасына екi доп соғып, жеңiске жеттi.
Шымкенттiң “Ордабасы” клубы “Ақтөбе” клубымен тең ойнады. Сырт алаңда Владимир Мухановтың шәкiрттерiмен тере­зесi тең ойын көрсеткен оңтүстiк­қазақстандықтар “Шахтердi” алға жiберiп, өзi турнир кестесiнiң үшiншi сатысына орналасты. Бесiншi турдың ойындары бойынша сегiзiншi орында тұрған Павлодардың “Ертiсi” өз алаңында Талдықорғанның “Жетiсуын” 1:0 есебiмен жеңiп, төртiншi орынға бiр-ақ шықты.
6-турдың толық нәтижелерi төмендегiдей:
“Атырау” (Атырау) – “Қайрат” (Алматы) – 2:0 (Жолчиев, 61-минутта, Сақалбаев, 80-минутта);
“Тобыл” (Қостанай) – “Ақжайық” (Орал) – 3:1 (Жұмасқалиев, 32-минутта, Нұрғалиев, 37, 65-минуттарда – Саки, 58-минутта, пенальтиден);
“Ертiс” (Павлодар) – “Жетiсу” (Талдықорған) – 1:0 (Мальцев, 85-минутта);
“Тараз” (Тараз) – “Оқжетпес” (Көкшетау) – 1:2 (Милосавлевич, 80-минутта, пенальтиден – Новиков, 57-минутта, Самохин, 65-минутта);
“Ақтөбе” (Ақтөбе) – “Ордабасы” (Шымкент) – 1:1 (Ба Халифа, 35-минутта – Вагнер, 25-минутта);
“Шахтер” (Қарағанды) – “Локомотив” (Астана) – 3:1 (Скорых, 28-минутта, Вичюс, 87-минутта, Шафф, 90+2-минутта – Хижниченко, 14-минутта).
 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар