1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №69 (16047) 1 қыркүйек, сейсенбі 2015
"Жас Алаштың" спорт беті.
1 қыркүйек 2015
Өз ұлтын сүймегеннiң сөзi осындай

Қазақ даласына келетiнi есiне түсiп, аяғын тартқаны шығар, Германия ұлттық құрамасы мен түрiктiң “Галатасарай” клубында ойнайтын поляк Лукаш Подольский сандырағы үшiн бiздiң елден кешiрiм сұрады. Қазақ футбол клубтарының арасынан елордалық “Астана” тұңғыш рет УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңiне шығып, бөркiмiздi аспан­ға ата қуанғанбыз. Топтық кезеңнiң жеребесi тартылып, “Астана” С тобында испандық “Атлетико”, түрiктiң “Галатасарай”, португалдық “Бенфика” клубтарымен тартысқа түсетiн болды. Топтық кезеңнiң жеребесi тартылған соң Лукаш Подольский туиттердегi парақшасына “Бораттың елiне баратын болдық” деген сыңаржақ пiкiрiн жазып, мазақ еткен-дi. Артынша бұл ерсi қылығына қымсынып, кешiрiм сұрады.

Өз ұлтына жаны ашымайтын Подольский ғой бұл. 2008 жылы өткен Еуропа чемпионатында Германия құрамасы Польша футболшыларын 2:0 есебiмен ұтқаны белгiлi. Мiне, осы екi голды да Польшаның Гдивице қаласында туған Лукаш Подольский соқты. Өзге елде сұлтан болып аузыңнан ақ май ағып жүрсе де туған жерiң, атажұртың, кiндiк қаның тамған Отаның жұмақ мекенiң емес пе? Өзiнiң Отанының құрамасына екi гол соққанын мерекелеген Подольскийдiң парықсыздығы сол кезде бiр сөз болып едi. Ендiгiсi мынау. 30 қыркүйекте “Астана арена” стадионында елордалық клуб “Галатасарайды” қабылдайды. Подольскийдiң сол кезде қазақтың қандай екенiне көзi жетедi.
Ж. Тоқтаров,
Астана қаласы.
 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар