1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №67 (16045) 25 тамыз, сейсенбі 2015
"Жас Алаштың" спорт беті.
25 тамыз 2015
БОЛТ мәңгiлiк емес!

 ...Көзiм Астанада кеше басталған әлемдiк дзюдо чемпионатында болғанымен, құлағым алыс Бейжiңдегi жеңiл атлетикадан өтiп жатқан әлем чемпионатында. Құлағым деймiн, бүкiл жан - тәнiммен сол жақтамын. Барғым-ақ келiп едi мынау тұрған Қытайға, бiрақ барғызбасым бар­ғызбады. Бейжiң чемпионатының екiншi күнi жiгiттердiң 100 метрге жүгiруiмен басталды. Бәсеке керемет болды. Әдетте 8 адам жүгiретiн финалға бұл жолы 9 адам жiберiлдi. Бұл да бәсекенiң керемет болғанына дәлел. Әлемдегi талассыз желаяқ Үсейiн Болт финалға әрең шықты. Финалда одан да қиын болды. Шу дегеннен бар күшiмен жүгiрген Болт мәре сызығына дейiн бiр сәт босаңсыған жоқ. Әдетте 100 метрлiк қашықтықты “жанын қинамай-ақ” жүгiрiп өтетiн Болттың осынша тiстенгенiн оның сегiз алтын жүлдесiне де куә болған мен бiрiншi рет көрдiм! Соның өзiнде екiншi келген Гатлиннен 0,1 секунд қана озды. Болттың көрсеткiшi – 9,79 секунд, Гатлин мәре сызығын 9,80 секундта кестi! Бұл Болттың да мәңгiлiк еместiгiнен хабар бередi. Әрине, оңай ма?! Дәл осы Бейжiңде осыдан 7 жыл бұрын жазғы Олимпиадада айды аспанға шығарған Болт сол биiгiнен әлi түскен жоқ. Сұмдық қой : 100 метрге жүгiрудегi әлемдiк рекордты 9,58 секундқа жеткiзiп қойған бұл ямайкалық қарасирақ ұлдың аты спорт тарихына алтын әрiппен мәңгiлiкке жазылды. Содан берi ол шықпаған жеңiс тауы бар ма?! Жоқ, әрине. Шiркiн, қазақ сондай бiр ұлды қашан туа­ды деп  армандаумен бiз де қартайдық...  Сол кешегi күнi балға лақтырудан күмiс жүлде ал­ған тәжiк Назаровқа жетсе  қанеки қазақ ұлдары! Рас, Болт секiлдi ғаламат спортшылар да мәңгiлiк болмайды... Бiрақ чемпион ұрпақ тууын да қазақ мәңгiлiк күте алмайды ғой!  

Несiп ЖҮНIСБАЙҰЛЫ, Қазақстанның еңбек сiңiрген қайраткерi.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар