1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш 65 (16043) 18 тамыз, сейсенбі 2015
"Жас Алаштың" спорт беті.
18 тамыз 2015
Мергенi марғау тур

Футболдан ел чем­пионатының екiншi кезеңi де түңлiгiн түр­дi. Бiрнеше күнгi үзiлiстен кейiн қайта жалғасқан премьер-лиганың 23-турындағы үш матчта тең нәтиже тiркелдi.

Қарағандыда “Шах­тер” көкшелiк “Оқ­жет­пестiң” осaал тұ­сын таба алған жоқ. Қонақтар да тең нә­тижеге (есеп – 0:0) тоқтап, бiр ұпай олжалап кеттi. Павлодарлық “Ертiс” “Атырауды” қа­был­дап, 2:0 есебiмен ұтты. Кассай 37-минутта гол соқса, Ронкатто 87-минутта нәтиженi еселеп бердi.
Бұл турдағы атап өтетiн матч Қызылордада болды. Жергiлiктi “Қайсар” “Таразды” қабылдаған тартыста есеп ашылған жоқ. Бiрақ жергiлiктi жанкүйерлер “Қайсар” ойыншыларының бұрын­ғы өгiзаяң жүрiсiнiң өзгерiп, қимылының ширағанын байқады. Бұған бас бапкерлiкке тағайындалғанына көп бола қоймаған Федор Щербаченконың тигiзген еңбегi ерен дейдi клуб мүше­лерi. “Менiң ұстанған тактикам – шабуыл” деген бас бапкер қызылордалық клубтың шабуыл ше­бiн күшейткенi алғашқы сәттен-ақ байқалды. Тоқсан минут бойы шабуылдаумен ойнаған алаң иелерi “Тараз” қорғаушыларын әбден титықтатты.
Қызылордадан 1 ұпай олжалап қайтқан “Тараз” клубының бас бапкерi Евгений Яровенконың артынан гу-гу сөз ерiп жүр қазiр. Тiптi бас бапкердiң жұмысын қоңылтақсып, көңiлi толмайтын жанкүйерлер облыс әкiмiне шағымданған да көрiнедi. 
Премьер-лиганың бiрiншi кезеңiн топ басында аяқтаған алматылық “Қайрат” Еуропа лигасындағы тартысқа күшiн сақтады ма, сырт алаңда “Ордабасыға” қарсы өткiзген матчта тең нәтиженi (0:0) қанағат тұтып қайт­ты. “Ақтөбеге” барған “Астана” 0:1 есебiмен жеңiске жеттi. Каньястың 81-минутта соққан голы елордалықтарға үш ұпай әкелдi.
23-турдың нәтижелi ойыны Қостанайда өттi. Талдықорғандық “Жетiсу” алаң иелерiн 1:3 есебiмен еңсерiп, маңызды ұпайды бөктерiп кеттi. Ғалиақпаров 3-минутта гол соғып, қонақтардың мерейiн үстем етсе, 15-минутта Зенькович пенальтиден таразы басын теңестiрiп бердi. Тұрысбек 17-минутта жетiсулық­тарды алға шығарса, Ғалиақпаров 72-минутта осы матчтағы екiншi голын соқты.
 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар