1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №63 (16041) 11 тамыз, сейсенбі 2015
"Жас Алаштың" спорт беті.
11 тамыз 2015
Еуропа қақпасын ашады әлi

Алматылық “Қайрат” Еуропа лигасының плей-офф раундында француздық “Бордо” клубына қарсылас атанды.

Үшiншi iрiктеу раундын­да шотландтық “Абердин” клубын сан соқтырған Владимир Вайсс шәкiрт­терi   ендi Францияның “Бор­­до” клубына қарсы ойнайтын болды. Бұрын-соңды еурокубоктық ойындарда бiздiң елдiң клубтары француздық ұжымымен жолыққан емес.
Франция чемпионатын 6-орынмен аяқтаған Бордо қаласының қала аттас клубы оңай қарсылас емес: Франция бiрiншiлi­гiн­де алты мәрте чемпион атанды. Франция чемпионы деген атақты соңғы рет 2009 жылы иеленiп, сол жылы Чемпиондар лигасының ширек финалынан қайтты. 1995/96 жыл­ғы маусымда Еуропа лигасының финалында мюн­хендiк “Баварияға” есе жiбердi. 
Биылғы Франция чемпио­натының 1-туры “Бордо” үшiн сәтсiз өттi.   Өз алаңында “Реймс” клубын қабылдаған “Қайраттың” қарсыластары 1:2 есебi­мен жол берiп қойды.
“Қайрат” футболшылары Диего Ролан, Шейк Дья­бате секiлдi сер­ке­лердi тұсай алса болғаны. Франция ұлттық құрамасының да қақпасын қорғайтын “Бордо” қақпашысы Седрик Карассоның “жанды жерiнен” Жерар Гоу бастаған мергендер мықтап ұстайды деп сене­мiз.
“Бордо” мен “Қайрат” тартысының алғашқы матчы 20 тамызда Бордо қаласында, қарымта матч 27 тамызда Алматының “Орталық стадионында” өтедi. 
Қазақ футболы клубтық сайыстарда осылай өрлеу­мен-ақ күнi ертең Еуропаның төрiнен орын сұрайтыны анық. Азулы клубтардың өзi аяғын тартып басып, ығысып жол беретiн кезге де жақын қалды.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар