1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №29 (15487) 13 сәуір, сейсенбі 2010
"Жас Алаштың" спорт беті.
13 сәуір 2010
Аспанасты елiнен екi алтын медаль

Қазақстан құрамасының боксшылары Түркия мен Қытайда өткен халықаралық турнирден оралды. Ыстамбұл мен Гуиянг қалаларында шаршы алаңға шыққан былғары қолғап шеберлерiмiз 4 алтын, 3 күмiс, 7 қола медаль жеңiп алды.

Ыстамбұлда өткен турнир биыл бiрiншi рет ұйымдастырылып отыр. Түркияның премьер-министрiнiң жүлдесiн сарапқа салған әлемнiң жиырмаға жуық елiнiң боксшылары арасынан Қазақстанның ерлер құрамасы үш қола медальға ие болса, әйелдер құрамасы 2 алтын, 1 күмiс, 1 қола медаль жеңiп алды. Қазақстанның ерлерi Түркиядағы турнирге қарағанда Қытайда жақсы өнер көрсеттi. Ұлттық құраманың бас бапкерi Мырзағали Айтжановтың өзi бас болып барған жарыста боксшыларымыз 2 алтын, 2 күмiс, 3 қола медальға ие болып, жалпыкомандалық есепте екiншi орынға табан тiредi.
Қытайда өткен халықаралық турнирде жеңiмпаз және жүлдегер атанған боксшылар:
1-орын: Мейiржан Рахымжанов (54 келi), Манат Өмiрзақов (69 келi);
2-орын: Iлияс Сүлейменов (48 келi), Нисай Байматов (75 келi);
3-орын: Ғани Жайлауов (60 келi), Батыржан Жүкенбаев (64 келi), Марат Қиясов (81 келi);
Түркияда өткен халықаралық турнирде жеңiмпаз және жүлдегер атанған боксшылар:
Ерлер. 3-орын: Мардан Берiк­баев (48 келi), Рустам Сваев (69 келi), Иван Дычко (91 келiден жоғары);
Әйелдер.
1-орын: Назгүл Боранбаева (48 келi), Жұлдыз Маматқұлова (81 келi);
2-орын: Сайда Хасенова (64 келi);
3-орын: Назым Қазыбай (46 келi).
 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар