1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №29 (15487) 13 сәуір, сейсенбі 2010
"Жас Алаштың" спорт беті.
13 сәуір 2010
Әзiрге бес медаль бар

Өзбекстанның Ташкент қаласында ауыр атлетикадан жасөспiрiмдер мен жастар арасында Азия бiрiншiлiгi өтуде. Екi күндiк жарыстың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының қоржынына 2 алтын, 1 күмiс, 2 қола медаль түстi. Алғашқы болып жарыс жолына шыққан 63 келi салмақтағы Анастасия Швабауэр жұлқи көтеруде 89 келiнi, серпи көтеруде 114 келiнi бағындырып, Азия чемпионы атанса, оңтүстiкқазақстандық Болат Ыдырысов 85 келi салмақта өнер көрсетiп, құрлықтың үздiгi атанды. Болат қоссайыс қорытындысы бойынша 280 келiнi бағындырды. Күмiс жүлдеге 69 келi салмақта өнер көрсеткен Жазира Жаппарқұл ие болды. 69 келiден жоғары салмақтағы зiлтемiршiлердiң арасынан Анна Нұрмұхамбетова мен 77 келiдегi Рүстем Сыбай қола медальдi қанжығаларына байлады. 

Ташкентте өтiп жатқан құрлық бiрiншiлiгiне сары құрлықтың 24 елiнiң спортшылары қатысуда. Сондай-ақ, бұл жарыста озып шыққан жастар тамыз айында өтетiн жастар арасындағы Олимпиада ойындарына қатысуға жолдама алады.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар