1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №29 (15487) 13 сәуір, сейсенбі 2010
"Жас Алаштың" спорт беті.
13 сәуір 2010
Роббен соққан доп қандай?!

“Манчестер Юнайтед” (Англия) – “Бавария” (Германия) – 3:2 (Гибсон, 3-минутта, Нани, 7, 41-минуттарда – Олич, 44-минутта, Роббен, 74-минутта); “Бордо” (Франция) – “Лион” (Франция) – 1:0 (Шамах, 45-минутта).

Өткен аптада футболдан Еуропаның Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының жартылай финалына шыққан командалар анықталды.
Чемпиондар лигасының жартылай финалына Испанияның “Барселонасы” мен Италияның “Интерi” шыққанын газетiмiздiң соңғы санында жариялағанбыз. Сәрсенбiнiң кешiнде жартылай финалға шыққан тағы екi команда белгiлi болды. Сырт алаңда Англияның “Манчестер Юнайтед” клубынан 2:3 есебiмен ұтылып қалған Германияның “Бавариясы” сырт алаңда соққан добының нәтижесiнде ағылшындарды айналып өттi. “Барселона” мен “Интердiң” және “Баварияның” соңынан Францияның “Лионы” да iлестi. “Лион” футболшылары ширек финалда отандастары “Бордо” командасынан айласын асырды.
Сәрсенбi күнi өткен екi ойын да алаң иелерiнiң жеңiсiмен аяқталды. Алайда, “Бавариядан” 3:2 есебiмен айласын асырған “Манчестер Юнайтед” те, “Лионды” 1:0 есебiмен ұтқан “Бордо” да жартылай финалға шыға алмады. Немiстердiң қақпасына ойынның алғашқы кезеңiнде-ақ жауапсыз үш доп соққан ағылшындар ойын соңына дейiн басымдықтарын ұстап тұра алмай, өз қақпаларына екi доп жiберiп алды. “Бавария” футболшыларына да керегi сол едi. Кездесудiң бiрiншi жартысы аяқталар тұста “Манчестер Юнайтедтiң” қақпасынан саңылау тапқан “Бавария” футболшылары екiншi кезеңде жанталаса жүрiп, тағы бiр доп соқты-ау, әйтеуiр. Немiс­тер жартылай финалға алып шыққан екiншi доптың авторы – Арьен­ Роббен. Франк Риберидiң бұрыштан берген добын қақпаның дәл бұрышына көздеген голландиялық футболшы ойынның бас қаһарманына айналды. Екi ойынның қорытындысы бойынша есеп 4:4. “Бавария” сырт алаңда соққан екi доптың нәтижесiнде жартылай финалға жолдама алды.
Францияның қос клубының бiреуiнiң жартылай финалға шығатыны ширек финалдың жере­бесi тартылғанда-ақ белгiлi едi. Өйткенi, топтық ойындардан сүрiнбей өткен “Лион” мен “Бордоның” жолы ширек финалда қиысты. Бiрiншi ойын “Лионның” алаңында өтiп, алаң иелерi 3:1 есебiмен жеңiске жеткен-дi. Қарымта ойында “Бордо” футболшылары кем дегенде 2:0 есебiмен ұтса, жартылай финалдың жолдамасын жамбасына басатын едi. Алайда, Лоран Блан шәкiрттерi “Лион” қақпасын тек бiр-ақ рет дәл көздедi. Екiншi допты соғуға “Бордо” футболшылары қаншама тырысқанымен “Лионның” қорғанысы сыр бермедi.
Ендi жартылай финалдың алғашқы ойындары 20-21 сәуiр күндерi өтедi. Бiр қызығы, жартылай финалға шыққан төрт команда да – төрт елдiң ұжымы. Соңғы рет мұндай жағдай 2003-04 жылғы маусымда қайталан­ған. Сол жылы “Депортиво” (Испания), “Монако”, (Франция), “Челси” (Англия) және “Порту” (Португалия) футболшылары бас жүлденi өзара сарапқа салғаны белгiлi. Тағы бiр айта кетерлiгi, жартылай финалға бiрде-бiр ағылшын командасы шыға алмады. Мұндай жағдай соңғы рет лиганың тарихында 2002-03 жыл­ғы маусымда тiркелген болатын. Еуропаның ғана емес, әлемдегi ең iрi әрi беделдi турнир саналатын Чемпиондар лигасының тарихын ендi төмендегiдей деректер байыта түспек:
 Ресейдiң ЦСКА клубын қатарынан екi рет ұтқан Италияның “Интерiнiң” бас бапкерi Жозе Моуриньюдiң аты Чемпиондар лигасының тарихына үш бiрдей әртүрлi елдiң командаларын жартылай финалға алып шыққан бас бапкер ретiнде жазылды. Бұған дейiн Жозе Моуринью Португалияның “Портуы” мен “Англияның “Челсиiн” жартылай финал­ға шығарған едi. Тiптi 2003-04 жылғы маусымда Ж.Моуринью бастаған португалдар Еуропаның ең беделдi турнирiнiң бас жүлдесiн жеңiп алған-ды.
Өткен сәрсенбi күнi Жозенiң жетiстiгiн “Баварияның” бас бапкерi Луи ван Гал да қайталады. Голландиялық маман осыған дейiн “Аякс” (Голландия), “Барселона” сынды командаларды жартылай финалға дейiн жеткiздi.
Францияның “Лионы” бұған дейiн тоғыз рет жартылай финал­ға шығуға үмiттi болып едi, сол үмiтi биыл ғана ақталды.
Испанияның “Барселонасында” өнер көрсететiн аргентиналық Лионель Месси Чемпиондар лигасында төрт доп соққан алтыншы футболшы болып қана қоймай, “покер” жасаған ең жас футболшы ретiнде өз атын тарих­қа жазды. Жалпы “Барселона” футбол клубының тарихында Чемпиондар лигасында ең көп доп соққан Ривалдо болса, Месси сол Ривалдоның көрсеткiшiн қайталады (25 доп).
Жартылай финалда финалдық ойынның жолдамасын сарапқа салатын “Интер ”мен “Барселона” Чемпиондар лигасының плей-офф бәсекесiнде қырық жылдан берi кездеспептi. Топтық ойындарда бұл екi команда төрт рет кездескен. Төрт ойында “Интер” футболшылары “Барселона” қақпасына доп соғуға қаншама рет тырысқанымен, ол ойлары жүзеге асар емес. Соңғы рет бұл екi клуб биылғы маусымның топтық ойындарында кездестi. “Барселона” өз алаңында 2:0 есебiмен ұтса, сырт алаңда 0:0 есебiмен тең ойнады.
Финалдық жолдаманы сарап­қа салатын “Бавария ”мен “Лион” футболшылары да плей-офф ойындарында бiрiншi рет жолығып тұр. Топтық ойындарда алты рет кездескен командалар әзiрге мықтыны анықтаған жоқ. Екi команда да екi-екiден жеңiске жетсе, екi ойын тең аяқталды.
Чемпиондар лигасының соң­ғы жылдардағы жеңiмпаз­дарын саралап қарар болсақ, мына бiр жайтты ерекше атап өтуге болады. Мәселен, 2005 жылы Чемпиондар додасының бас жүлдесiн Англияның “Ливерпуль” клубы жеңiп алды. Одан кейiн арада бiр жыл өткенде бас жүлдеге Испанияның “Барселонасы” ие болды. 2007 жылы жазға салым әйгiлi кубокты Италияның “Миланы” ұтты. Ендi мынаған назар аударайық. 2005 жылдан 2007 жылға дейiнгi бас жүлденi Англия, Испания және Италия елiнiң командалары кезек-кезек ұстап келдi. 2008 жылғы маусымда Чемпиондар лигасының кубогы Англияға қайта оралды (“Манчестер Юнайтедтiң” иелiгiнде). 2009 жылы Испанияның “Барселонасы” белсендi. Келесi кезек кiмдiкi? Әрине, итальяндық клубтың кезегi... Бiрақ, азулы “Барселонаны” ұтпақ тұрмақ, доп соғудың өзi “Интерге” мұң болып тұрғанын сөзiмiздiң басында айтып өттiк. Десек те, спортта қатып қалған заңдылық жоқ. Доп домалақ. Кiмнiң жеңiмпаз атанатынын дәл айту өте қиын. Бiздiкi тек жорамал ғана. Әйтпесе, тоқсан минут бойы шелектеп тер төгетiн “Бавария” мен “сағызша созылып” жатып алатын “Лионды” естен шығаруға болмас. Чемпиондар лигасының жартылай финалына осал команданың шықпайтынын ескерсек, төрт үздiктiң қай-қайсысы да бас жүлдеге лайық.
 
Жартылай финал
“Интер” – “Барселона”;
 “Бавария” – “Лион”.
 
ФранцБЕКЕНБАУЭР,
Баварияфутболклубыныңпрезидентi: – Ойынның алғашқы минуттарында “Бавария” футболшылары “ұйықтап кеттi”. Есеп 0:3 болған кезде өз командамнан күдер үздiм. Бiрақ...
Алайда, бiздiң жiгiттер шұғыл өзгерiп сала бердi. Келесi айналымға шығу, шынымды айтсам менiң ойымда да болған жоқ. Бiрiншi кезеңнiң соңына таман Ивица Олич есептi 1:3-ке жеткiзiп, үмiтiмiздi оятты. Екiншi кезеңде Роббен гол соқты. Роббеннiң соққан добы бiздiң келесi айналымға шығуымызға жеткiлiктi едi. Бұл жеңiлiс – “Бавария” клубының тарихында ең әдемi жеңiлiстердiң бiрi болып қалады. 
 
Андрей АРШАВИН,
“Арсенал” клубының футболшысы: – Аргентиналық Лионель Мессидiң ойынын көргеннен кейiн “футболға мен не үшiн келдiм?..” деп ерiксiз ойланасың...
 
АрьенРОББЕН,
Баварияклубыныңфутболшысы: – 0:3 есебiмен ұтылып жатқан кезде бiзге қиын болатынын түсiндiм. Ойынның бiрiншi кезең­i­нiң соңында Ивица Оличтiң соққан добы бiзге қосымша күш бердi. Жартылай финалға шығу үшiн бiзге тым болмағанда бiр доп соғу қажет едi. Бiз соны соқ­тық...
Өзiм соққан екiншi допқа келер болсам, Франк Рибери бұрыштама добын соғуға бара жатып, маған көзiнiң қиығы­мен бiр қарап өттi. Риберидiң допты менiң ыңғайыма қарай бағыттайтынын бiрден сездiм. Доптың келуiн күттiм. Әуелеген доп маған келе бергенде ойым сан-саққа жүгiрдi. Бұл допты не күшпен, немесе шеберлiкпен тебе бiлу керек. Мен шеберлiктi қолай көрдiм.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар